HONOR смартфоны Қытай нарығында көшбасшыға айналды
International Data Corporation (IDC) компаниясының Қытайда 2024 жылдың бірінші тоқсанында мобильді құрылғылардың сатылымы туралы соңғы есебіне сәйкес, HONOR смартфоны Қытайдағы смартфондар нарығынан 17,1% үлеске ие болып, ең көп сатылатын смартфондар тізімінде бірінші болды.
IDC компаниясының – технологиялар нарығын зерттеу саласындағы жетекші әлемдік компания сарапшыларының пікірінше, HONOR смартфонының артықшылығы елеулі дәрежеде жасанды интеллектке негізделген, сұранысқа ие функциялары бар құрылғыларды қамтитын, барынша ойластырылған және алуан түрлі өнім сұрыпталымымен шартталған.
Өткен жылмен салыстырғанда Android нарығының өсімі – жасанды интеллектті әрдайым дамыту мен инновациялық бүктелмелі девайстарды ендірудің арқасында 9,3%-ды құрады, Android негізіндегі смартфондардың өндірушілері жоғары санатты құрылғылар сегментінде өздерін батыл таныта білді. Мысалы, 2024 жылдың алғашқы үш айында Қытайдың премиум-санатты нарығында HONOR жеткізілімдері 123,3%-ға жоғарылады, сол арқылы брендтің Қытайдағы бүктелмелі құрылғылар нарығында көшбасшы орындардың біріне жайғасуын қамтамасыз етті. Ал жасанды интеллектпен біріктірілген Magic6 сериясы алғашқы екі тоқсан ішінде алдыңғы буынды смартфонның жеткізілімдерінен асып түсіп, керемет әсерлі нәтижелерді көрсетті. Сәуір айынан бастап Magic6 Pro флагманы қазақстандық сатып алушыларға да қолжетімді болды.
Егер жалпы қарастырса, IDC талдаушыларының бағалауы бойынша, Қытайдағы смартфондар нарығы 6,5%-ға өскен, бұл жалпы сату көлемін 69,3 миллион құрылғыға дейін жеткізді.