Хромтауда тұрғындар ұсынған идеялар нәтижесінде 29 жаңа абаттандыру нысаны салынды

Мұндай нысандар 2024 жылы одан да көп болуы әбден мүмкін. Хромтауда бір аптадан кейін ERG компаниясының бастамасымен қолға алынған «Tugan Qala» жобасының жаңа маусымы басталады. Шахтерлер қалашығының әрбір тұрғыны инфрақұрылымды жақсартуға қатысты өз идеясын ұсына алады. Жоба қала тұрғындары тарапынан қолдау тапса, компанияның әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі дәстүрлі меморандумы аясында іске асырылмақ. Бұған дейінгі жобалардың көрсеткіштері туралы қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында кеңінен айтылды.
Хромтау Eurasian Resources Group (ERG) қолға алған бастамалы бюджеттеу бойынша жаңа әлеуметтік жоба жүзеге асырылған алғашқы қала болатын. Бұл қала тұрғындарының жергілікті деңгейдегі ең өзекті мәселелерді жедел шешуіне мүмкіндік береді. Компанияның пікірінше, бұл әдіс мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында абаттандыру мәселелерінде белсенді диалог құруға ғана емес, сонымен қатар іске асырылған жобаларды ұқыпты пайдалануға сеп.
– ERG әлеуметтік бағдарлы компания ретінде қызметкерлердің қанағаттануына, олардың жайлы қолайлы жағдайда өмір сүруіне жағдай жасауға талпынады, — деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Азамат Бектібаев. – Өмірімізді одан әрі жақсартып, сапалы ете түсу үшін туған қаламызға не қажет екенін тұрғындардың өздерінен басқа біреудің жақсы білуі мүмкін бе?
Хромтауда «Tugan Qala» жобасы қолға алынғалы бері, яғни 2020 жылдан бастап мұнда қала тұрғындарының 29 жобасы іске қосылды. ERG бұл мақсаттарға 150 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Биыл тағы оны жүзеге асырылады. Бұл – өткен жылдың жеңімпаздары. Ең көптеп түскен ұсыныстар – балалар және спор алаңдары, тұрғын үй маңын абаттандыру жұмыстары. Мысалы, Ботагөз Жүсіпова мен Алтынгүл Мұқанова есімді хромтаулықтардың арқасында Кенжалин, Железнодорожная көшелерінде, сондай-ақ қаланың жаңа кварталдарында заманауи ойын алаңдары салынды. Дәурен Бәкешов есімді азаматтың бастамасымен биыл жауынгер-интернационалисттерге арнап даңқ есткерткіші орнатылған. Көпқабатты үйлердің қабырғаларындағы суреттер де осы жоба аясында салынып, қаланың көркін кіргізіп тұр.


Сонымен қатар Хромтау қаласы 2022 жылы инфрақұрылым нысандарымен бірге іс-шаралар жобаларын ұсынуға болатын алғашқы қала атанды. Осылайша жыл соңына дейін мұнда қоян-қолтық ұрыстан қалалық турнир өткен болатын.
– Біз балалар ойын алаңдарын ұсындық. Бұл ісіміз бірінші кезекте көшеміздің кішкентай тұрғындарын қуантты. Ойын алаңы тек балалардың ғана емес, ересектердің де бос уақытын өткізетін орын деуге болады. Себебі онда көше тренажерлары орнатылған. Қаламыздың көркейіп, дамуына өзіміздің идеямызды ұсынып, абаттандыруға атсалыса алатындығымыз мені қуантады. Осындай мүмкіндіктер үшін рақмет!, — деді идея авторы Ботагөз Жүсіпова.
Моноқалада ұсыныстарды жинаудың төртінші маусымы 2023 жылдың 5 қыркүйегінде басталады. Бір ай ішінде Хромтау қаласының әрбір тұрғыны қаланың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты өз жобасын, сондай-ақ https://tugan-qala.kz/ сайтының «Хромтау» бөлімінде көңілі қалаған іс-шаралар жобаларын ұсына алады. Әрі қарай сарапшылардың көмегімен бұл жоба қаралып, қала тұрғындарының дауыс беруіне ұсынылады. Жеңімпаз жобаларды ERG қаржыландырып, 2024 жылы жүзеге асырмақ.
ERG-дің «Tugan Qala» жобасы Ақсу (Павлодар облысы), Рудный қалалар, Қашар мен Октябрь кенттерінде (Қостанай облысы) да жүзеге асырылуда.