I’M бренді Астанада жаңа мейрамханасын ашты

Астанада I’M бренді аясындағы алғашқы мейрамхана ашылып, бұл елімізде үйден тыс жерде тамақтану индустриясының айтулы оқиғасы болды. Жаңа мейрамхана қазақстандық бренд сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, өнім қауіпсіздігін қатаң бақылайтын және мейрамхана бизнесінің үздік тәжірибелерін ұстанатын халықаралық сапа стандарттарына сай бола алатынын көрсетті.

I’M бренді 2023 жылдың басында құрылды. QSR саласындағы көп жылдық тәжірибе мен нарықты терең түсінуді біріктіре отырып, біз әлемдік сапа стандарттары ұлттық ерекшеліктермен үйлесім табатын өзіміздің мейрамханалар желімізді аштық.

Жаңа мейрамхана оң жағалаудың ең орталық тұсында – Иманов көшесінің бойында ашылды. Мейрамхана – желінің 25-інші, ал қазақстандық I’M бренді аясында ашылған алғашқы мейрамхана. Жайлы мейрамхана 117 орынға арналған. «Жақсы көрші» тұжырымдамасы аясында әрбір мейрамхананы ашу алдында оған тиесілі аумаққа сапалы абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Мейрамхананың ашылуы ауданның дамуы үшін де маңызды қадам болып отыр: жаңа жұмыс орындары ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы әрі қолжетімді сервис көрсетіледі.  Бренд жергілікті өндіріске басымдық беріп, қазақстандық өндірушілерді ең балғын да табиғи азық-түлікті өндіруге ынталандырады. Бұл өңір экономикасының дамуына оң ықпалын тигізеді.

Астанада I’M мейрамханасының ашылуы көңілді де мерекелік көңіл-күйде өтті. Қонақтар ойын-сайық бағдарламасын, иллюзионистердің өнерін тамашалап, байқауларға қатысты, сыйлықтарға ие болды.

Кештің ең айшықты оқиғасы – таяуда лондондық «Челсимен» Қазақстан футболы үшін рекордтық сомада келісімшарт жасасқан қазақстандық футболшы, «Қайрат» футбол академиясының 16 жастағы тәрбиеленушісі Дастан Сәтпаевтың қатысуы болды. Ашылу рәсіміне орай ол кеш қонақтарына автограф және фотосессия өткізіп, бұл спортсүйер және өзге де қонақтары үшін ерекше тосынсыйға айналды.

I’M жұмысының бірінші жылғы қорытындылары: миллиондаған қонақтар мен рекордтық сатылымдар

I’M бренді жұмысының бірінші жылының өзінде бұрынғы жылдардың көрсеткіштерімен пара-пар өте жоғары сатып алу деңгейіне қол жеткізді:

  • 12 миллионнан астам бургер сатылды;
  • Бүкіл ел бойынша мейрамханалар желісінде 16 миллионнан астам адам қонақ болды.

Мұндай көрсеткіштер брендке деген жоғары сенімді, оның сапаға жұмыс істейтінін және қазақстандық тұтынушылардың көңілінен шығатынын дәлелдейді.

Бүгінде жаңартылған ас мәзірінде 200-ден астам позиция болса, оның қатарында Наурызға орай арнайы әзірленген отандық алғашқы Qazan Burger де бар. Компания елімізде HACCP жүйесін (тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау) енгізген санаулы брендтердің бірі, жеткізушілер барлық қажетті халықаралық сертификаттарға ие және жыл сайын аудиттен өтеді.

I’M бренді бүгінде 6 қалада жұмыс істейді, оларда 24 мейрамхана қонақ қабылдайды және ол Қазақстан Республикасы аумағында белсенді дамып келе жатыр. I’M елімізде тез қызмет көрсетуге негізделген мейрамхана брендтерінің аты ең жиі аталатын ТОП үштігіне кіреді.

«Бүгінде бізде 1500-ден астам адам жұмыс істейді, ал орталық кеңсе менеджерлерінің 52%-ы – өз мансабын мейрамханада бастап, компаниямен бірге өскен жандар. Жұмыстың бірінші жылында біз 16 миллионнан астам қонаққа қызмет көрсеттік, ал жоғары сұраныс болған кезеңдерде біз өткен жылдардың көрсеткішін басып оздық. Бұл бізді жоғары сапа үшін таңдайтын қонақтарымыздың сенімінің куәсі», – деді брендтің негізін қалаушы Қайрат Боранбаев.

«I’M – адамгершілікті, әлеуметтік жауапкершілікті және экологияға қамқорлықты ұстана отырып, әлемдік деңгейдегі қазақстандық брендті қалай құруға болатынының үлгісі. Компания адамдарды тамақтандырып қана қоймай, жақсы істерге ынталандыруға персоналдан бастап қонақтарға дейін барша адамға ортақ жайлы орта құруға ұмтылады», – деді компания директоры Әсет Машанов.

Алғашқы қазақстандық мейрамхана желісін алу арқылы еліміз үйден тыс жерде тамақтану индустриясын дамытуға сенімді қадам жасады. Бұл – халықаралық стандарттарды ендіру, жергілікті өндірісті қолдау және алдағы уақытта кеңейе түсуге жағдайлар жасау.

I’M қонақтарды сапалы өнімдер, сервистің жоғары деңгейі және жайлы көңіл-күймен қамтамасыз ете, отандық бизнес пен экономиканың дамуына үлес қоса отырып, мейрамханалар желісін дамытуды жалғастырады.

Telegram-канал: I’M бренді Астанада жаңа мейрамханасын ашты