IEEE ML Hackathon: Студенттер үздік компанияларда тағылымдамадан өтеді

IEEE -дің — техникалық кәсіпқойларға арналған әлемдегі ең ірі кәсіби ұйымының Студенттік бөлімі NU-дың тарихындағы ең ірі Machine Learning (ML) Хакатонын 22-23 ақпанда өткізді. Хакатон NU және Astana IT University студенттері арасында үлкен қызығушылық тудырды. 270-тен астам студент қатысты.
Байқауды университеттің технология саласымен байланысын нығайту мақсатымен әуесқойлар, негізінен Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының студенттері ұйымдастырды. Екі күнге созылған ауқымды жарыста 71 команда жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген күрделі тапсырмаларды орындап, KPMG, Sergek Group және Desht Lab ұсынған индустриялық кейстерді шешті.
«Техникалық тапсырмалар әзірлеп, командалардың жұмысын бағалап, демеушілік көрсеткен компанияларға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, іс-шараны қолдаған Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасындағы әріптестерімізге ризашылығымыз шексіз. Бірақ ең үлкен алғыс – қажырлы еңбегі мен шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Назарбаев Университетінің IEEE Student Branch мүшелеріне«, – деді NU SEDS ассистент-профессоры, IEEE Kazakhstan Sub-Section төрағасы Карло Моларди.
Марафон нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында әртүрлі пәндердің студенттері: компьютерлік ғылымдар, электротехника және компьютерлік инженерия мен математика. KPMG өз жеңімпаздарына ақылы тағылымдамалар ұсынса, Sergek Group ақшалай жүлделермен марапаттады, ал Desht Lab тағылымдамамен қатар қаржылай сыйақы тағайындады.
1-орын иегерлерін құттықтаймыз:
KPMG Hackathon
Алина Закерьянова – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
Артём Щербаков – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
Аружан Ошақбаева – 4 курс, Математика, NU SSH
Даниал Сахпантаев – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
Нұрсұлтан Атымтай – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
Sergek Group Hackathon
Әділхан Алпысбай – 3 курс, Электротехника және компьютерлік инженерия, NU SEDS
Ануарбек Бектеміров – NU CPS
Арсен Әбулғазымов – NU CPS
Desht Lab Hackathon
Ерназар Ермұратов – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU
Алёна Абайдулина – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU
Дана Даменова – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU
Амир Абдыкәрімов – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU