In the Kitchen: Алматыдағы гастрономиялық арт-жобаның қысқы шығарылымы
Алматы қаласында гастрономиялық арт-жобаның қысқы шығарылымы аясында бірегей пресс-бранч өтті. Іс-шара қонақтары «Laureate Grande Café»- де жиналып, ерекше кулинарлық жəне мəдени тəжірибені тамашалап, жобаның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сұрақтар қойып, өнер мен гастрономия диалогының атмосферасына терең үңілді.
Бранчтың ерекшелігі – қонақтардың австриялық мүсінші жəне инсталлятор Норберт Бруннер жасаған бірегей арт-нысанның үстінде тамақтануы болды. Бұл туынды идеяларды, талғамдар мен мəдениеттерді біріктіретін символға айналды.
«Бұл тек италиялық аспаз дайындаған кешкі ас емес. “In the Kitchen” жобасы – кулинарлық шығармашылық пен диалог арқылы Еуропа мен Қазақстан арасындағы көпір», – деп атап өтті “Laureate Grande Café”-дің негізін қалаушы Айнұр Ахметова. – «Бастапқыда біз мұндай іс-шараларды тоқсан сайын өткізуді жоспарлаған едік, бірақ қонақтарымыздың жылы пікірлері бізді шабыттандырды. Енді біз оларды əр екі ай сайын ұйымдастырамыз. Мен үшін шақырылған аспаздардың жергілікті мамандармен тəжірибе бөлісіп, қазақстандық гастрономияның кəсіби өсуіне негіз құруы аса маңызды»
Жобаның алғашқы кезеңі «Laureate Grande Café»-де бастау алып, үш күн бойы қонақтарға мейрамхананың кəсіби командасы дайындаған ерекше тəжірибе сыйлады. Қатысушылар арасында əлемге танымал италиялық фотограф Габриэле Галимберти, австриялық суретші Норберт Бруннер, қазақстандық аспаздар жəне екі Michelin жұлдызының иегері аспазшы Сильвестр Вахид болды. Іс-шараның кульминациясы – Норберт Бруннердің «Cook Local – Act Infinite» атты арт-объектісі болды, ол қонақтарды өнер арқылы мағыналы диалогқа шақырды.
«Біз адамдар, елдер мен мəдениеттер арасында диалогтар құрудамыз», – деп бөлісті “365 ART” жобасының негізін қалаушы Ольга Даниеле. – «Біздің жоба гастрономия мен өнердің тоғысуына арналған. Норберт Бруннердің арт-нысаны үстінде өткен кешкі ас – бұл жай ғана дизайнерлік шешім емес, əрбір бөлшегі маңызды өзара əрекеттесу символы. “In the Kitchen” Еуропа мен Қазақстанды шығармашылық пен өнер арқылы біріктіреді. Бұл біз үшін жай ғана іс-шара емес, мəдени саяхат, ол шабыт береді жəне жаңа көкжиектер ашады»
Қысқы шығарылымның басты кейіпкері ретінде Милан қаласынан келген италиялық- америкалық аспаз Эудженио Ронкорони танылды. Оның тағамдары инновация мен дəстүрді үйлестіре отырып жасалған. Басқа қатысушылар сияқты, Эудженио да Габриэле Галимбертидің фотосериясына еніп, өзінің фирмалық тағамы мен оның ингредиенттерімен бірге бейнеленді.
Эудженио Ронкорони Қазақстанға сапарының күтпеген жəне ерекше шабыт бергенін атап өтті:
«Бұл жерге келерде не күтерімді білмедім, – деп мойындады Эудженио. – 23 килограмм италиялық өнімді өзіммен бірге алып келдім, себебі мұнда сапалы ингредиенттерді таба алмаймын деп ойладым. Алайда, мені жергілікті өнімдер таң қалдырды! Өз тағамдарым арқылы италиялық дəстүрлерді қазақ асханасының ұлттық ерекшеліктерімен біріктіргім келеді. Бұл – бір-бірін толықтыратын мəдениеттердің үйлесімі»
Іс-шараның тағы бір ерекше қонағы атақты миксолог Франко Туччи Понти болды. Ол Миландағы I Mirador барын басқарған жəне қонақтарға қысқа, бірақ əсерлі сусындар картасын ұсынды.
«Досыммен жұмыс істеу – əрдайым ерекше қуаныш, – деп атап өтті Франко. – Біздің тағам мен сусындарға деген көзқарастарымыз керемет үйлеседі. Жергілікті мəдениеттен шабыт ала отырып, қымыздан коктейль жасап көруді жоспарлап отырмын. Бұл – гастрономияның шекарасын кеңейтуге көмектесетін бірегей тəжірибе»
“In the Kitchen” жобасы Ольга Даниеле тарапынан өнер мен гастрономия арқылы өзін-өзі көрсету платформасы ретінде құрылды. Жобаның негізгі мақсаты – гастрономиялық өнер рецептерінің кітабын шығару, бұл кулинария мен өнер сүйер қауымға үй жағдайында шығармашылықпен тəжірибе жасауға шабыт бермек.
Жоба «365 ART» (Швейцария) пен Айнұр Ахметованың бірлескен ынтымақтастығы нəтижесінде жүзеге асырылды. Бұл бастама Еуропа мен Қазақстанды біріктіру, адамдарды шығармашылық, диалог жəне гастрономиялық өнер арқылы жақындату миссиясын көрсетеді.
Жиналған қаражаттың бір бөлігі «Аман» инклюзивті даму орталығын қолдауға бағытталатыны хабарланды.
“In the Kitchen” – бұл дəмдер мен жүректерді біріктіретін мəдени сапар.