INTEGRA CITY қалаларды цифрлық басқару инновацияларын халықаралық Smart City Expo Kuala Lumpur 2025 көрмесінде ұсынды

2025 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Малайзия астанасында Smart City Expo Kuala Lumpur (SCEKL 2025) халықаралық көрмесі өтті — бұл цифрлық трансформация мен ақылды қалалар технологиялары бағытындағы әлемдік маңызды оқиғалардың бірі. INTEGRA CITY — халықаралық компаниялар тобы, сала көшбасшыларының бірі және цифрлық өзгерістердің белсенді драйвері санатында көрмеге нарықтың жетекші ойыншыларымен бірге экспонент ретінде қатысып, өз стендін таныстырды, әрі қалалардың цифрлық дамуы аясындағы бүгінгі сауалдарға жауап беретін әмбебап шешімнің озық жоғары технологиялық әзірлемелерін көрсетті.

Фото: Smart City Expo Kuala Lumpur 2025 халықаралық көрмесі
INTEGRA CITY әмбебап экожүйесі цифрлық дамудың негізгі бағыттарын біріктіреді: қалалық инфрақұрылымды басқару, қауіпсіздік, цифрлық мемлекеттік басқару және шекараны қорғау. Ұсынылған өнімдерге Sfera (ақылды қала), Nexus (қауіпсіз қала), Bordex (шекараны қорғау) және Kodex (электрондық үкімет) кіреді. Барлық шешімдер қалалық ортаны цифрландыруға кешенді тәсілді қамтамасыз ете отырып, бірыңғай архитектураға біріктірілген.

Компанияның стенді көрме барысында көптеген келушілердің, соның ішінде ресми тұлғалардың да назарын аударды. Компания экспозициясы қонақтарының қатарында Малайзияның цифрлық технологиялар министрі Гобинд Сингх Део болды, оған озық технологиялық шешімдер егжей-тегжейлі ұсынылды.

Smart City Expo Kuala Lumpur — жаһандық қозғалыстың бір бөлігі және Барселонада жыл сайын өтетін әлемдегі ең ірі Smart City Expo World Congress-тің аймақтық нұсқасы, бұл шара Fira Barcelona-мен ынтымақтастықта ұйымдастырылады. Көрме Малайзия цифрлық даму министрлігі, Malaysia Digital Economy Corporation (MDEC) және Digital Nasional Berhad (DNB) — елдің цифрлық трансформациясы мен 5G инфрақұрылымын енгізу үшін жауапты негізгі институттардың қолдауымен өткізіледі. Бұл SCEKL-дің қалалардың болашағы қалыптасатын халықаралық ауқымдағы стратегиялық платформа ретіндегі маңыздылығын айқындайды.
Көрмеге Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен әлемнің түрлі аймақтарынан үкімет, бизнес және сарапшылар қауымдастығының 10 000-нан астам өкілі қатысты.
Биыл Smart City Expo Kuala Lumpur ақылды қалалар дамуының негізгі трендтеріне баса назар аударды, олардың ішінде ерекше орын алғандары: жасанды интеллекттің қалалық басқаруға кеңінен енгізілуі, тұрақты әрі энергия үнемдейтін инфрақұрылым құру, цифрлық кәсіпкерлік пен экономиканың белсенді дамуы, сондай-ақ барлық тұрғындар үшін цифрлық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Көрме аясында талқыланған мақсаттар мен міндеттер Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында жариялаған Жолдауындағы цифрлық трансформация бағыттарымен тікелей үндеседі. Мемлекет басшысы елді дамытуда жасанды интеллект пен цифрландырудың басым маңызға ие екенін, сондай-ақ жаңа ойыншыларды тарту мен озық әлемдік тәжірибелерді енгізудің қажеттігін атап өтті:
«Бұл іске «Ақылды қала» құру тұжырымдамасының көмегі тиері сөзсіз, оны еліміздің барлық өңіріне тарату керек. Оған озық халықаралық тәжірибелерді қолданып, білікті басшыларды, соның ішінде шетел мамандарын тарту қажет. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс.»
INTEGRA CITY өкілдері көрмені ұйымдастырудың жоғары деңгейін және көтерілген тақырыптардың өзектілігін атап өтті. Көрмеге қатысу өз әзірлемелерін көрсетіп қана қоймай, әлеуетті серіктестермен байланыс орнатуға, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (ASEAN) елдерінің қалаларды ақылды және тұрақты дамыту саласындағы озық тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік берді.
«Жасанды интеллект пен тұрақты дамудың заманауи ақылды қала шешімдеріне табиғи түрде үйлесуі бізді шын жүректен қуантты. Бұл біздің миссиямызға толық сәйкес келеді, ал ол – Орталық Азия аймағында жайлы, экологиялық таза әрі технологиялық қалалық кеңістіктер құру», – деді INTEGRA CITY компаниялар тобы техникалық директорының орынбасары Александр Заболотный. «Көрме бізге INTEGRA шешімдерін халықаралық кең аудиторияға таныстыруға және Орталық Азия елдерінде табысты қолдануға болатын озық тәжірибелер мен технологиялармен танысуға мүмкіндік берді. Біз жасанды интеллекттің, тұрақтылықтың және цифрлық инклюзияның мүмкіндіктері жаңа буын қалалары үшін іргетасқа айналып келе жатқанын көріп отырмыз – ал біздің платформа осы талаптарға толық жауап береді».
Smart City Expo Kuala Lumpur 2025 INTEGRA CITY компаниясының цифрлық шешімдерін кең халықаралық аудиторияға ұсыну алаңына айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияның озық тәжірибелерімен танысу және көрмеге қатысушылармен тәжірибе алмасу INTEGRA CITY-дің компания қызмет ететін өңірлерінде қалалардың тұрақты әрі технологиялық дамуын басымдыққа ала отырып, үздік халықаралық шешімдерді бейімдеу және кеңейту мақсатындағы ұмтылысын күшейтті.


