Інжу ізімен: Рас-эль-Хаймадағы Suwaidi Pearls фермасына таңғажайып сапар

Кей сапарлар санада мәңгіге сақталып қалады. Бір қарағанда, Біріккен Араб Әмірліктері заманауи мегаполистер, биік ғимараттар мен сән-салтанаттың мекені секілді көрінеді. Бірақ шынайы қазыналар көбіне туристер сирек баратын, табиғи әрі тарихи орындарда жасырынып жатады. Солардың бірі – Рас-эль-Хайма әмірлігіндегі Suwaidi Pearls інжу фермасы.

Бюджеттік демалыс: Рас-эль-Хаймаға саяхатта ақшаны қалай үнемдеуге болады?

Дәстүрлі дау круизі: Сапар бастауынан-ақ ерекше

Жолымыз фермаға бет алған сәттен-ақ өзгеше әсер сыйлай бастады. Бізді дәстүрлі араб стиліндегі ағаш қайыққа доу кемесіне отырғызды. Кемеге қадам басқан сәтте өзімді ертегі әлеміне енгендей сезіндім. Айналамда тыныш теңіз, көкжиекте асқақ Джебель Джайс таулары көрінеді. Кемеде бізге дәмді жемістер мен хош иісті араб шайын ұсынды. Шәйдің дәмі ерекше, ол араб қонақжайлылығы мен жылулығын жеткізеді.

Жел баяу ескен, күн райы да жақсы болды. Табиғат пен тыныштық үйлесім тапқан сәт. Бұл сапар тек экскурсия емес, мен үшін рухани демалысқа айналды.

Інжу әлеміне саяхат

Қайық көл ортасына жетіп, біз ферма аумағына аяқ бастық. Бұл жер — жай ғана экскурсия нысаны емес, тұтас мәдени-тарихи экспедиция іспетті. Мұнда ежелгі Батыс Азиядағы інжу аулау дәстүрі күйінде сақталған. Suwaidi Pearls – аймақтағы жұмыс істеп тұрған жалғыз інжу фермасы, әрі оны құрған бұл кәсіпті бірнеше ұрпақ бойы жалғастырып келе жатқан жергілікті отбасының ұрпағы.

Ферма негізін қалаушы Абдулла Аль-Сувайди — өз әулетінің байырғы мұрасын қайта жандандырып, бүгінгі заманда інжу өсіру мәдениетін қайта тірілткен азамат. Оның арманы – өз халқының теңізбен байланысты бай мұрасын әлемге таныту. Ол үшін фермада тек өндіріс емес, сонымен қатар ағартушылық бағытта жұмыстар жүреді. Меймандарға ақпарат интерактивті таныстыралады және інжуді күту жолдары түсіндіріледі.

Інжуді өз көзіңмен табу — ұмытылмас сәт

Фермадағы ең қызықты әрі эмоционалды сәттердің бірі — әр адамның өзі қалаған маржанды таңдап алып, сол жерде аштырып, інжуді табу мүмкіндігі. Бұл — тек сувенир сатып алу емес, бұл нағыз интерактивті әсер. Мен де бір устрицаны таңдадым, ал қызметкер оны абайлап ашып, ішінен інжу шыққанда, өзімді нағыз «теңіз қазынасын тапқандай» сезіндім. Мұндай сәт өмірде бір-ақ рет болады екен!

Фермада әр түрлі көлемдегі, түстегі және сападағы інжулер ұсынылады. Інжудің әрқайсысы табиғаттың бірегей сыйы, және ешқайсысы екіншісіне ұқсамайды. Осында сатып алынған інжуді зергерлік бұйымға айналдыру да мүмкін, мысалы, алқа, сырға немесе сақинаға өңдеу қызметтері де ұсынылады.

Тарих пен туризм тоғысқан нүкте

Інжу жинау кәсібіі араб түбегінде мұнай дәуіріне дейінгі басты табыс көзі болғаны тарихтан белгілі. Мыңдаған балықшылар жаздың аптап ыстығында теңізге шығып, апталап, айлап маржан аулап, ішіндегі інжуді іздеген. Бұл — қауіп пен үміт қатар жүретін ауыр жұмыс болған. Су астында ұзақ уақыт жүзіп, оттегісіз тереңдікке сүңгу батылдық пен шыдамдылықты талап еткен.

Бүгінде Suwaidi Pearls — сол дәстүрлерді жаңғыртып, туризм мен білім беруді біріктіріп отырған бірден-бір орын. Бұл ферма тек шетелдік қонақтарға емес, жергілікті мектептер мен колледждерге де экскурсия ұйымдастырады. Жастар өз мәдениетін, теңізшілердің тарихын көзбен көріп, тыңдап біледі.

Табиғат пен адам үйлесімі

Ферма аймағы экологиялық тұрғыдан да ерекше. Мұнда мангр тоғайлары, балықтар мен шаяндардың табиғи мекені сақталған. Су айдыны таза, адам қолы тимеген күйде ұсталады. Осылайша туристік жоба табиғатқа зиян келтірмей, керісінше оны сақтау мен дамыту жолын ұстанып отыр.

Сондай-ақ фермада кішігірім мұражай мен шеберхана бар. Мұнда тарихи құрал-жабдықтар, ежелгі сүңгуірлердің киімдері, інжу сұрыптау әдістері туралы ақпарат ұсынылады. Қонақтарға арнайы бейнежазбалар көрсетіліп, әрбір кезеңнің мағынасы түсіндіріледі.

Мен көптеген елдерге саяхаттап көрдім. Бұл экскурсия неліктен мен үшін ерекше болды десеңіз, осы фермаға сапар ең шынайы, қарапайым және жанға жақын тәжірибелердің бірі болды. Мұнда шулы мегаполистер жоқ, жасанды әсер де жоқ. Бұл — нағыз табиғат аясындағы, шынайы тарихпен байланысты, жылы жүзді адамдармен жүздесу.

Suwaidi Pearls фермасы — тек экскурсия емес. Бұл — өзіңмен қайта қауышу, мәдени мұраға қол тигізу, теңіз үнін тыңдау сәті. Мұнда алған інжуді үйге алып кетуге болады, бірақ ең бастысы — жүректе сақталып қалатын әсерлер.

Marjan Island-дағы жұмақ мекен: DoubleTree by Hilton Resort & Spa Ras Al Khaimah шынайы әсерлер мен жанға жайлы демалыс

Фермаға баруды жоспарлап жүргендерге пайдалы кеңестер:

  • Бронь жасауды ұмытпаңыз! Экскурсиялар алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Visit Ras Al Khaimah немесе Suwaidi Pearls ресми сайтынан ақпарат алуға болады
  • Күннен қорғану маңызды! Қайықпен жүзу ашық аспан астында өтетіндіктен, бас киім мен күннен қорғайтын крем алу қажет
  • Ыңғайлы киім де маңызды! Теңізбен байланысқан орта болғандықтан, ыңғайлы аяқ киім мен ауа өткізетін киім киіңіз
  • Камераны алуды ұмытпаңыз! Фотосурет пен бейне түсіруге рұқсат етілгендіктен көздің жауын алатын көріністі еске сақтап алған абзал.

Suwaidi Pearls — бұл жай ғана ферма емес, бұл Рас-эль-Хайманың рухы мен болмысын жеткізетін мекен. Мұнда келген әр қонақ тек інжу емес, өзімен бірге құндылықтар мен естеліктерді ала кетеді. Егер Біріккен Араб Әмірліктеріне жолыңыз түссе — міндетті түрде осы фермаға барып көріңіз. Сіз бұл сапарды ешқашан ұмытпайсыз. Ол хақ!

Telegram-канал:  Інжу ізімен: Рас-эль-Хаймадағы Suwaidi Pearls фермасына таңғажайып сапар