Қала әкімі Е. Досаевтың алматылықтарды Қала күнімен құттықтау сөзі

Құрметті Алматы тұрғындары мен қонақтары!

Бүгін біздің жарық әрі мейірі

Алматы – елімізде жеке инвестицияларды тарту бойынша алда келеді, үлесі 60%-ке жуық шағын және орта бизнестің қаласы.

Біз сіздермен бірге Алматы бүкіл Қазақстаннан және әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды адамдарды тарту орталығы болып қала беретінін мақтан тұтамыз. Мұнда инновациялық идеялар пайда болады, серпінді жобалар жүзеге асырылады және жаңа трендтер белгіленеді.

Осы жылдың көктемінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы басталды. Президентіміз ерекше атап өткендей, бұл бір реттік акция емес. Үйіңізде, аулаңызда және қалаңызда тазалық пен тәртіпті сақтау – өмір салтымыз болуы керек.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қалаға деген қамқорлық пен шынайы жанашырлық нағыз алматылықтардың басты ерекшелігі екенін атап өткім келеді. Бірлесіп Алматыны бақ қалаға айналдырып, оны тұрақты дамудың жаңа траекториясына шығаратынымызға кәміл сенемін.

Қаламыз барлық өкілдерінің өмір сүруіне үлкен құрметпен қарап, өз-өздерін жүзеге асыруы үшін тең мүмкіндіктер жасайды. Биыл біз алғаш рет зейнет жасындағы адамдарға белсенді өмір салтын жалғастыруға, өз білімдері мен тәжірибелерімен жас ұрпақпен бөлісуге мүмкіндік беретін «Алтын жас» бірегей бағдарламасын бастадық.

Жұмыс істейтін жастар үшін «Алматы жастары» бағдарламасы іске асыру жалғасуда. Жыл сайын 1200-ге жуық жастың өз баспанасы туралы арманын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Біз инклюзивті болашаққа өте маңызды қадам жасадық. Алматыда балаларымыздың дамуындағы бұзушылықтарды ерте анықтауға және олардың арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге көмектесетін Қазақстандағы алғашқы Ерте араласу орталығы ашылды.

Алматы әрқашан алдыңғы қатарда болып, оң өзгерістердің жарқын үлгісі болуға тиіс, бұған бар күшімізді, білімімізді және тәжірибемізді жұмсаймыз. Алматыны әркім өзін жайлы және қауіпсіз сезінетін ортақ үйімізге айналдыру біздің қолымызда.

Қымбатты достар!

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Алматының әрбір тұрғынына қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің ниеттеріңіз бен шынайы әрекеттеріңіз қаламызды ерекшелеп, «Алматылық вайб» жасайды.

Әлемге әйгілі жазушы Жорж Сименон: «Біз сүйетін қала – бұл өзіміз жасайтын қала» деген. Көп іс атқарылды, бірақ әлі де атқарылатын жұмыс көп.

Президентіміз Қазақстан халқына осы жылғы Жолдауында атап өткендей, «Біздің қоғамда заң мен тәртіп орнауы керек. Тек осылай ғана біз әділ, таза және қауіпсіз Қазақстан құрамыз». Біз Алматының адамдар өмір сүргісі келетін, балаларды тәрбиелеп, болашаққа сеніммен қарауға болатын қалаға айналуы үшін бар күшімізді саламыз!

Барлық алматылықтарға сәттілік, зор денсаулық және амандық тілеймін. Үйлеріңізде әрқашан бақыт пен махаббат билік етсін!

Қала дәстүрі бойынша Алматыға деген шынайы сүйіспеншілігін бір сөзбен емес, өз өмірімен дәлелдейтін ең лайықты азаматтардың үлесін ерекше атап өткім келеді. Бүгін Мен үшін 2024 жылғы «Алматының Құрметті азаматтарын» құттықтау үлкен құрмет.

Сіздерге тағы да көп рақмет!