Қалалық көліктің ең қауіпсіз түрлерінің бірі ретінде кикшеринг танылды

Микромобильдік саласының жетекшісі JET компаниясы Қазақстанда электрсамокаттардың қауіпсіз қалалық көлік ретінде танылғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитетінің 2025 жылдың алғашқы он айы бойынша деректеріне сәйкес, электрсамокаттар апаттылық көрсеткіші жағынан ең қауіпсіз көлік құралдарының қатарына кірді.
Комитет жүргізген талдау нәтижесінде электрсамокаттар ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларына ең аз қатысқан және жарақат алу жағдайлары да өзге көлік түрлеріне қарағанда ең төмен деңгейде қалған. Бұл есепте барлық түрдегі электрсамокаттар — жалдамалы кикшеринг те, жеке меншік самокаттар да қамтылған.
2025 жылдың 10 айындағы ЖКО көрсеткіштерін салыстыру:
-
Легкі автокөліктер (таксиді қосқанда): 22 738 ЖКО, 33 921 зардап шеккен, 7 597 жаяу жүргіншіге соғу
-
Автобустар: 922 ЖКО, 1 310 зардап шеккен, 201 жаяу жүргіншіге соғу
-
Жүк көліктері: 746 ЖКО, 1 146 зардап шеккен, 160 жаяу жүргіншіге соғу
-
Мопедтер (велосипеді моторлы, мокиктер және скутерлер): 860 ЖКО, 1 052 зардап шеккен, 136 жаяу жүргіншіге соғу
-
Велосипедтер: 254 ЖКО, 265 зардап шеккен, 32 жаяу жүргіншіге соғу
-
Электросамокаттар (кикшеринг және жеке): 120 ЖКО, 135 зардап шеккен, 31 жаяу жүргіншіге соғу
«Ұсынылған деректер — шерингілік самокаттардың хаос тудырмайтынын, керісінше қалалық мобильділіктің ажырамас әрі ең қауіпсіз элементі екенін дәлелдейтін ресми валидация. Біз әрдайым қауіпсіздік кездейсоқ емес, жүйелі жұмыс нәтижесі деп айтатынбыз. Бұл есеп микромобильділікті қала инфрақұрылымына интеграциялауға қарсы айтылатын негізгі уәжді жоққа шығарып, қауіпсіз инфрақұрылымды жоспарлауда шешуші факторға айналып отыр», — деді JET компаниясының бас директоры Мусалав Алибеков.


