Кәмиля Досмалова Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады

К44 классында 57 келіге дейінгі салмақта қола үшін тартыста Кәмиля Досмалова Силване Майаре Кардозо Фернандеске 28:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бұған дейін, ширек финалда Кәмиля сербиялық спортшы Мария Мицевке 20:8 есебімен есе жіберген болатын. Дегенмен, жұбаныш жекпе-жегінде ол Фиджи өкілі Ирен Марды 12:6 есебімен жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Фото: Мейіржан Амангелдиев