Қараша айында «Арғымақ. Небесные кони» спорттық драмасы көрсетілімге шығады
23 қарашада «Арғымақ. Небесные кони» спорттық драмасының кинотеатрлық релизі өтеді. Туындыда балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құралған футбол командасының қалыптасу хикаясы баяндалады. Бұл түсірілімі Бразилияда өткен алғашқы қазақстандық фильм.
Сюжеттің негізгі кейіпкері – Мұхтар есімді бұрынғы футболшы. Бала кезінде ол үлкен психологиялық жарақат алған: туған ағасы атақты «Пахтакор» футбол клубының мүшесі болған, сөйтіп, 1979 жылы бүкіл командасымен бірге әуе апатында қаза болған. Осы қайғылы оқиғадан кейін Мұхтар футболды жек көріп кеткен, сондай-ақ өмірінің мәнінен айырылған…
Араға қырық жыл салып, оған балалар футбол клубының бапкері болуға тура келеді. Клубты жергілікті қылмыскер алпауыты ақша жылыстату үшін құрған. Командаға балалар үйінің тәрбиеленушілері алынды. Бастапқыда Мұхтар сөз жүзінде ғана бапкер болып, жұмысынан қашқақтап жүреді. Алайда кейін жетімдер үйінен шыққан балалардың жетістікке жету жолындағы ынтасын көріп, Мұхтар өзгере бастайды. Оның өмірлік мақсаты, ал балалардың – үлкен арманы пайда болады: Бразилия футбол чемпионатында жеңіске жету.
Фильм режиссері Руслан Пак болды, қазақстандық көрермен оны «ТРИ» атты криминалды триллер арқылы таниды. Туынды түсіруге ерекше хикая түрткі болған.
«Бұл идея бірнеше жыл бұрын пайда болды. Мен «Пахтакор» командасының қайғылы тағдыры туралы деректі фильм түсіріп жүрдім, оның негізгі құрамы 1979 жылы әуе апаты кезінде қайтыс болды. Бірақ сол рейспен ұшпаған басқа команда мүшелері де қалды. Сұхбат жазу барысында, солардың біреуінен оның үйіндегі қабырғада тізіліп тұрған темір құтылар не білдіретінін сұрадым. Оның жауабы жүрегімді елжіретіп, жанымда кетпес із қалдырды. Осы жантүршіктірер апат туралы естігенде, ол велосипедіне отырып, Ташкенттен апат орнына дейін барған… бұл бірнеше мың шақырым қашықтық… Өзбекстаннан Украинаға дейін жеткен. Сол жерден топырақ жинап алып, термосқа салып, оны үйіне алып келген. Сосын жыл сайын командасының құрметіне веложорық өткізіп, барған сайын топырақ әкеліп отырған. Сол топырақ осы темір құтыларда сақталады екен. Бұл әрекеті мені қатты шабыттандырды, осы жайлы фильм түсіруге бел будым», — деді Руслан Пак.
Сценарийді жазу жұмыстары пандемия кезінде басталып, екі жыл бойы жалғасты. Туындының авторлары спорттық фильмдер ережелерін қатаң ұстанбаймыз деп шешті, бұл ауқымды хикая болмақ.
«Бұл туынды адам тағдыры жайлы. Өмірде қандай қиындық болмасын, өзіңе деген сенімді жоғалтпай, арманға ұмтылу керек, үміт үзбей, алға қойған мақсатқа ұмтылуды жалғастыру қажет екені туралы», — деп бөлісті режиссер.
Фильм түсірілімі 33 күн бойы жалғасты. Түсірілім тобы қазақстандық қыстан да, крещен аяздарынан да қорықпады.
«Қазақстан қыста аса әдемі. Командамыз қыстың қақаған аязына да, қысқа жарық күніне де шыдап берді. Мен басынан бастап фильм сюжетін визуалды қарама-қайшылықпен әсерлі еткім келген: қарлы суық Қазақстаннан команда ыстық Бразилияға жеңуге аттанады. Шыққан нәтиже осы қиындықтардың бәріне татитынына сенімдімін», — дейді режиссер.
Басқа құрлықта түсірілім жүргізу үшін топ Бразилияға 3 рет ауысып отырып, 30 сағат бойы ұшты.
«Айтсам сенбейсіздер, бірақ мен талай рет Бразилияны Таиландқа ауыстырғым келді, не болмаса бәрін декорациямен түсіре салғым келген, — деп еске алды Руслан Пак, — бірақ ол елге ұшып келе салысымен сол жерде түсіруге шешім қабылдағаным дұрыс болғанын түсіндім. Біз күш-жігері тасыған, жылы шырайлы, ақкөңіл адамдармен кездестік, олардың киноөндірісте тәжірибесі мол болды. Түсірілім фавелаларда өтті –Рио-де- Жанейроның ең қылмыс көп болатын ауданында, бізге бандылармен келісіп, олардан рұқсат алуға тура келді. Бразилия – ғажайып ел, осы фильм арқылы қазақстандық көрермен онымен таныса алатынына қуаныштымын».
Туындыда басты рөлді заманауи қазақ сахнасының жарқын жұлдыздарының бірі Дулыға Ақмолда сомдады. Оның кейіпкері Мұхтар фильм барысында үлкен өзгерісті бастан кешіреді: үмітінен айырылған бейбақтан нағыз чемпиондар тәрбилейтін тәлімгерге айналады.
Рүстем Жаныамановтың кейіпкерін де осындай өзгерістер күтеді: хикаяның басында Мұхтар мен балаларға командаға айналуы үшін кедергі келтіруге тырысса, аяғында олардың жебеуші періштелеріне айналады.
Мансаптарын енді бастаған футболшыларды экранда жас киножұлдыздар Мырза Махамбет, Ербол Әлмұхан, Азат Жұмаділ сомдады.
Фильмдегі жалғыз әйел рөлі Салтанат Серкебаеваға бұйырды.
«Біздің актерлер командасын мақтан тұтамын. Түсірілім күрделі, ал дайындық кезеңі ұзақ болды, жаттығулар түсірілім басталмай тұрып бірнеше ай бұрын басталды. Актерлердің ешбірі еркелік танытып, шағымданбады, білек сыбана іске кірісіп кетті. Актерлеріміздің физикалық дайындығын да баса айтқым келеді. Мысалы, Рүстем Жаныамановтың Медеуде өте күрделі экшн-сахнасы болды, трюктердің көбін ол өзі орындап шықты», — деп бөлісті режиссер.
«Арғымақ. Небесные кони» фильмінің өндіруге интернационалды команда ат салысты. Экранда қазақстандық актерлер өнерлерін паш етсе, кадр сыртында оларға корей кинематографистері қолдау көрсетті. Руслан Пактың сөзінше, туындының пост-продакшыны толық Кореяда жасалды, бірақ компьютерлік графиканы қорықпастан қазақстандық студия Cubic-ке тапсырған. Фильмнің музыкасын ағылшындық композитор жазып шықса, трюктерді аты баршаға танымал қазақстандық Nomad Stunts каскадерлер командасы қойды.
«Екі ел кинематографистерінің бірлесе жұмыс істеуі біздің хикаяны бірегей, ерекше әрі қызықты ете түседі. Кино әлемінде шекара жоқ, әртүрлі мәдениетті тоғыстыра туындаған жобалар қазіргі таңда көрермен тарапынан сұранысқа ие», — деп мәлімдеді Руслан Пак.