Karate 1-Series: Асқар Сапарғалиев жүлдеге бір табан жетпей тоқтады

Кипрдың Ларнака қаласында Karate 1 сериясына кіретін жылдың 2-ші турнирі аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыста жүлдеге бір табан жақындаған отандасымыз Асқар Сапарғалиев болды. Ол қола медаль үшін тартысты жекпе-жекте қарсыласына есе жіберіп, 75 кг дейінгі салмақта үздік бестікке кірді.

Сонымен қатар кумите бағдарламасында Никита Тарнакин (-84 кг) мен Айшабибі Шарахан (-55 кг) ширек финалда сүрініп, 7-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Karate 1 сериясындағы алдыңғы турнир Тбилисиде өткен. Келесі жарыс Зальцбургте, сосын Куала-Лумпурда өтеді.