«ҚАШ» дебюттік фильмі беделді Шанхай халықаралық кинофестивалінің байқауына өтті.
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің «ҚАШ» дебюттік фильмі беделді Шанхай халықаралық кинофестивалінің байқауына өтті.
Қазақстандық «ҚАШ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінің 25-ші мерейтойлық байқауына өтті. Кең халықаралық бағдарламасымен әйгілі Қытайдың ең ірі кинофестивалі 2023 жылдың 9-18 маусымы аралығында өтеді.
«ҚАШ» фильмі Азиядағы жаңа таланттарға берілетін «Asian New Talent» санатына ұсынылды. Мыңдаған картиналар арасынан таңдалған үміткерлердің тізімі variety.com сайтында жарияланған.
«ҚАШ» 17 маусымның кешінде Шанхай Үлкен театрында жеңімпаздары жарияланатын беделді Golden Goblet Awards марапатын алу мүмкіндігіне ие болды. Айсұлтан, Qara Studios бас продюсері Еркебулан Куришбаев және картинаның сценаристі Абылай Нұрманбетов фильмді фестиваль көрермендеріне жеке ұсынбақ.
«ҚАШ» фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталса, 2022 жылы жұмыс Қазақстанда кең прокатқа шықты. Фильм көрермендердің көңілінен шығып қана қоймай, қазақстандық киносыншылардың бірқатар марапаттарына ие болды. Енді фильм дүниежүзілік прокатқа жіберілуде.
”ҚАШ” екі ағайындының жеке оқиғасы арқылы 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясын баяндайды.