Қашар жылу орталығын жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қостанай облысының Қашар елді мекеніндегі биылғы 2023-2024 жылыту маусымы бұрынғыдан өзгеше. Өйткені, «Қашар кені» АҚ жылу орталығы жұмысын көмірден газға көшірген. Отынның басқа түріне ауысқандықтан қазандық жабдықтарының шығарынды газдарын бұрудың технологиялық тізбегін өзгерту қажеттілігі туындады. Кәсіпорын қызметкерлері технологиялық процесті үнемі бақылауда ұстап, бүгінде жөндеу жұмыстарының жоспарын әзірлеп жатыр.
Қашар жылу орталығы 1981 жылы пайдалануға берілген. Ол 13 мың тұрғыны бар елді мекен мен кәсіпорынның өндірістік алаңын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Қашар өнеркәсіп алаңын отынның экологиялық таза түріне көшірер алдында жобалық шешімдер мен құжаттама әзірленді. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіліп, ескі қазандықтар жаңартылған. Елді мекеннің газ тарату станциясы қайта жаңартылып, одан жылу орталығына дейінгі газ құбыры, жылу-сумен жабдықтау үшін жаңа қазандықтарды бөлшектеу және орнату дұмыстары жүргізілді. Бұл газды тұтыну мқлшерін азайтуға және электр энергиясын тұтынуды төмендетуге мүмкіндік береді.
Станция газға ауысқаннан кейін мамандар түтін құбырына да назар аударды.
– Отынның басқа түріне ауысқан кезде шық нүктесінің көрсеткіштері мен қазандық агрегаттарындағы газ жанғаннан кейінгі конденсат мөлшері өзгерді, — дейді «Қашар кені» АҚ қашар жылу орталығының бастығы Александр Петрушков. – Газ трактының жұмысын қайта бағдарлау нәтижесінде біз түтін шығаратын мұржаға тиер теріс әсердің ықпалын азайтып, жағдайды тұрақты бақылауға алдық. Орын алуы мүмкін оқиғаларда әрекет ету жоспарын әзіпледік.
Бұған дейін екі мәрте сараптама жүргізілген. Олардың техникалық қорытындылары «Түтін құбыры» құрылысының жай-күйі жұмысқа жарамды деп танылды. Жылыту маусымынан кейін жоспардан тыс сараптама жүргізіледі. Соның қорытындысына қарай оны қайта жаңартуға қатысты түпкі шешім шығарылады.
Қашар жылу орталығын газға ауыстыру басым бөлігі «Қашар кені» АҚ-нда қызмет ететін қашарлықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға сеп. Аймақтағы экологиялық жағдай жақсарады. Қашар жылу орталығында газ жабдығының енгізілуімен қоршаған ортаға эмиссиялар 1 100 тоннаға төмендейді деп күтілуде. Жазда ыстық сумен жабдықтау мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Ескі жабдықта мұндай мүмкіндік болмаған.