«Касперский Зертханасының» ақысыз құралдары бес жылда 360 мыңнан астам рет жүктелді
Әлем бойынша пайдаланушылар деректерді қалпына келтіруге арналған «Касперский Зертханасының» тегін құралдарын 360 мыңнан астам рет жүктеп алды
Дешифрлеу үшін, No More Ransom бастамасы аясында қол жетімді «Касперский Зертханасының» ақысыз құралдары бес жылда 360 мыңнан астам рет жүктелді.
Бопсалаушы бағдарламалар — бұл пайдаланушының деректерін шифрлайтын және оны иесі үшін қол жетімсіз етіп, бұғаттауды ашу үшін төлем талап ететін зиянды бағдарламалық жасақтама. Зиянкестер бопсалаушы бағдарламалардың жаңа нұсқаларын асқан жылдамдықпен әзірлеуде. Осылайша, 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың қазанына дейін «Касперский зертханасы» шифрлаушылардың 23 364 модификациясын анықтап, осындай зиянкестердің 43 жаңа топтамасын тапты.
«Касперский зертханасы» — 2016 жылы Еуропол мен Нидерланды полициясының қатысуымен басталған No More Ransom шифрлау бағдарламаларына қарсы бастаманың негізін қалаушы серіктестерінің бірі. Бастамаға қатысушылар дешифрлеуге арналған құралдарды әзірлейді, бопсалаушы бағдарламалардың шабуылдарымен байланысты тәуекелдер және оларға қарсы тұрудың ең жақсы тәжірибелері туралы айтады. 2023 жылдың наурызында «Касперский зертханасы» бұрын таратылған Сonti бағдарламасының кодына негізделген төлем бағдарламасының модификациясының құрбандарына көмектесу үшін дешифрлеуге арналған құралдың жаңа нұсқасын шығарды.
«Киберқауіптер дамыған сайын мемлекеттік және жеке ұйымдар арасындағы ынтымақтастық қажеттілігі артып келеді. No More Ransom жобасы және https://noransom.kaspersky.com/ru/сайты — бұл ұжымдық бірлестіктің жағдайды жақсы жаққа өзгерте алатындығының жарқын мысалы. Біз осындай зиянкестердің құрбандары болған адамдар мен компанияларға төлем төлемей құнды файлдарға қол жетімділікті қалпына келтіру үшін ақысыз құралдарды пайдалануды ұсынамыз», — деп түсіндірді Юлия Шлычкова, «Касперский Зертханасының» мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры.
Бопсалаушы бағдарламалармен кұрес және No More Ransom бастамасы туралы толығырақ сайттан біле аласыз. Деректерге қол жеткізуді қалпына келтіруге арналған «Касперский зертханасының» құралдары https://noransom.kaspersky.com. бетте орналасқан