Қасым-Жомарт Тоқаев State Power Investment Corporation компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесті
Мемлекет басшысы State Power Investment Corporation компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнді қабылдады
▪️Президент ҚХР-ға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation (SPIC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесу өткізді.
▪️Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды.
▪️Қасым-Жомарт Тоқаевқа China Power International Holding еншілес компаниясының Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Соңғы бес жылда Жаңатаста жел энергиясы жобасы жүзеге асырылып, Қарағандыда күн электр станциясы салынды.
▪️Қытайдың ең ірі энергетикалық компанияларының бірі саналатын SPIC корпорациясының басшысы Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салуға қатысты жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Бұл жобаларға бір миллиард доллардан астам инвестиция салынған.
▪️Лю Миншэннің айтуынша, компания Қазақстанда ауқымды гидроэнергетикалық жобалар мен бу-газ турбиналарын салу перспективасын зерттеуге ниетті.
▪️Президент еліміздің жаңартылатын энергия саласына үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Миншэнді биыл маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.