Қауіпсіз самокат айы: JET қауіпсіздікті арттыру бойынша ауқымды науқанды бастайды

Қазақстандағы кикшеринг қызметінің жетекші операторы болып табылатын JET компаниясы «Қауіпсіз самокат айының» басталғаны туралы хабарлайды. Науқан электр самокаттарын пайдаланушылардың көлік жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бір ай бойы (2025 жылғы 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін) JET компаниясы жеке жеке мобильділік құралдарын пайдалануға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырады. Сервистің қолданыстағы және жаңа пайдаланушыларына кикшерингтің негізгі ережелері жеткізілетін болады:

● Екі адамның мінгесіп жүруіне және алкогольден мастанған күйде жүруге тыйым салу;
● Жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу сүйреп жүру мен тұраққа дұрыс қоюдың маңыздылығы;
● Көлікті кәмелет жасқа толған адамдардың ғана жүргізуі.

«Бүгінгі таңда қала ортасының дамуы заманауи қозғалу құралы ретінде электр самокаттарының танымалдылығының артуымен тығыз байланысты. Көліктің бұл түрі мегаполистердің күнделікті өміріне сенімді түрде еніп, қала ландшафтының ажырамас бөлігіне айналғанын көріп отырмыз. Осыған байланысты, электр самокаттарын пайдалану қауіпсіздігі мәселесі аса өзекті болып отыр. «Қауіпсіз электр самокаты айы» науқанының іске қосылуы қалалық шағын мобильді көлік саласындағы тәртіпті нығайту бойынша стратегиялық бастамамыздың маңызды қадамы болып табылады. Біз қоданыстағы пайдаланушылардың сауаттылық деңгейін арттырудан бастап, қозғалыстың жаңа қатысушыларында дұрыс әдетті қалыптастыруға дейінгі мәселелерді кешенді түрде шешуге бел байладық», — деп атап өтті JET Бас атқарушы директоры Мусалав Әлібеков.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда JET кикшеринг қызметі «Тұраққа дұрыс қой» ақпараттық науқанын бастаған болатын. Нәтижесінде электр самокаттары арнайы ақпараттық аспалармен жабдықталды. Олар сервис пайдаланушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтаудың және тұраққа дұрыс қоюдың маңыздылығы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, аспалар ықтимал айыппұлдар санкциялары туралы ескертті. Айта кетерлік жайт, JET — Қазақстан аумағында айыппұлдар жүйесін енгізген алғашқы кикшеринг-компания. Жақында сервис Алматыдағы электр самокаттары паркін үлкен нөмірлермен жабдықтай бастады. JET қозғалыстың барлық қатысушылары үшін жайлы және қауіпсіз қала ортасын құруға бағытталған бастамаларды дамытуды жалғастырады.

Telegram-канал: Қауіпсіз самокат айы: JET қауіпсіздікті арттыру бойынша ауқымды науқанды бастайды