Қауіпсіз жазғы лагерь: Үржар ауданында балалар қауіпсіздігі бойынша ауқымды акция өтті

Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында Үржар ауданының «Тарбағатай» спорттық-сауықтыру лагерінде ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы билік және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің белсенді қатысуымен және Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен өтті.

Мамандар балалардың қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат бөлісіп, іс-шара барысында балалармен өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, жер сілкінісі, селден қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға негізгі қауіпсіздік ережелері бар жадынамалар таратылды.

№10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері практикалық сабақ өткізді, онда балалар өрт сөндіру техникасы және жабдықтарымен танысты, бұл олардың үлкен қызығушылығын тудырды және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын жақсы түсінуге көмектесті.

Іс-шара балалардың қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлардың алдын алу туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Еске салсақ, 2024 жылғы 24 маусымда «Тарбағатай» спорттық-сауықтыру лагері ашылды. Лагерь жазда 450-ге дейін баланы қабылдайды. Мақсаты — балалар мен жасөспірімдер үшін белсенді, интеллектуалдық және эмоциялық тұрғыдан толыққанды демалыс ұйымдастыру. Лагерь 10 күннен алты маусым жұмыс істейді. Әр маусымда 75 баланы қабылдайды.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі