KAZ Minerals Тобы 300 мың тоннадан астам мыс өндірді
2023 жылдың өткен тоғыз айында KAZ Minerals Тобы 300 мың тоннадан астам мыс өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7% артық. Бұған Ақтоғайдағы екінші кен байыту фабрикасының қуатын арттырудың арқасында қол жетті.
Металл мөлшері жоғары учаскелерде өндірудің және бөліп алу коэффициентінің жоғарылауының арқасында концентраттағы мырыш өндірісі 24% өсті. Күміс өндірісі 11% артты, себебі Топ металдың көп мөлшері бар кендерді өңдеді, ал алтын өндірісі Бозшакөл мен Бозымшақ кендеріндегі металдың жоспарлы төмендеуіне байланысты 7% азайды.
Қазіргі уақытта Топ 2022 жылы жинақталған дайын өнімнің қорларын сатты, бұл ретте мысты сату көлемі 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін 344 мың тоннаны құрады, бұл өндіріс көлемінен 43 мың тоннаға артық. Ілеспе өнімнің барлық түрлерін сату көлемі де өндіріс деңгейінен асты. Қолайлы факторлардың қатарында — теміржол логистикасын жақсарту және сатып алушылар тарапынан Топтың өнімдеріне деген жоғары сұраныс.
Ақтоғай
2023 жылдың үшінші тоқсанында Ақтоғайда 20,5 млн тоннаға жуық кен өндірілді, бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 10% артық (2023 жылғы 2-тоқсан: 18,7 млн) және өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 10% көп (2022 жылғы 3-тоқсан: 18,6 млн). Осы кезеңде өткізу қабілеті артқан сульфидті кен байыту фабрикаларында өңдеуге жеткілікті шикізатты қамтамасыз ету үшін көбірек сульфидті кен өндірілді. Биылғы 9 айда өндірілген кен көлемі (2023 жылдың 9 айы: 58,1 млн тонна) өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (2022 жылдң 9 айы: 52,1 млн тонна) 11% артық. Бұл өсім екі сульфидті кен байыту фабрикаларының артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға және одан әрі өңдеу үшін қажетті кенді жинауға мүмкіндік берді.
2023 жылдың тоғыз айындағы 192,0 мың тонна көлеміндегі мыс өндірісі өткен жылдың көрсеткішінен (2022 жылдың 9 айы: 167,8 мың тонна) 14% асып түсті. Өйткені Ақтоғайда сульфидті кен байыту фабрикаларының өткізу қабілеті және өңделетін кендегі мыс мөлшері жақсарды.
Сульфидті кеннен мыс өндіру 2023 жылдың үшінші тоқсанында 58,7 мың тоннаны құрады, бұл көрсеткіш алдыңғы тоқсанның деңгейіне сәйкес келеді (2023 жылғы 2-тоқсан: 58,2 мың). Фабрикалардың өткізу қабілеттінің артуы өңделетін кеннің құрамындағы металдың төмен мөлшерінің әсерін өтеді. 2023 жылдың тоғыз айында мыс өндіру көлемі 173,6 мың тоннаға дейін жетті, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16% артық (2022 жылдың 9 айы: 149,2 мың тонна), өйткені Ақтоғайда 2-сульфидті фабриканың өткізу қабілеті артып, өңделген кендегі мыстың орташа мөлшері 0,51% дейін өсті (2022 жылдың 9 айы: 0,48%) және 2023 жылы өндірілген кендегі мыс мөлшері жоғарылады.
Оксидті кендерді өңдеу кешенінде катодты мыс өндірісі 3% артып, 6,7 мың тоннаға дейін жетті (2023 жылғы 2-тоқсан: 6,5 мың тонна). Өйткені үшінші тоқсанда алдыңғы кезеңдерде сілтісіздендіру алаңдарына орналастырылған мыстың қосымша көлемі алынды. 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде катодты мыс өндірісі 18,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне сәйкес келеді (2022 жылдың 9 айы: 18,6 мың).
Ағымдағы жылдың 9 айында күміс өндіру 7% ұлғайып, 907 мың унцияны құрады (2022 жылдың 9 айы: 849 мың унция). Бұл 2-сульфидті фабриканың өткізу қабілеттілігінің артуына және екі фабрикада да өңделген кендегі күміс мөлшерінің жоғары болуына байланысты. Биылғы тоғыз айда концентраттағы молибденнің өндірісі 88% артып, 2 679 тоннаны құрады (2022 жылдың 9 айы: 1 425 тонна). KAZ Minerals Aktogay компаниясы бөліп алу коэффициентін айтарлықтай арттыруға қол жеткізді, бұл ретте молибден өндірісіне 2-сульфидті фабрикадағы 2022 жылғы ақпанда іске қосылған контур өнімділігінің артуы да әсер етті.
Бозшакөл
Бозшакөлде өндірілген кеннің көлемі 2023 жылдың үшінші тоқсанында (7,6 млн тонна) алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 13% аз болды (2023 жылғы 2-тоқсан: 8,7 млн тонна), өйткені қоймада жинақталған кен сульфидті және каолин кендерін өңдеу фабрикаларына жеткізілді. 2023 жылдың тоғыз айында кен өндіру көлемі 24,8 млн тоннаны құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24% артты (2022 жылдың 9 айы: 19,99 млн тонна). Кен байыту фабрикалары қоймалардан емес, тікелей карьерден жеткізілген шикізатты өңдеді.
Мыс өндірісі 2023 жылдың үшінші тоқсанында өткен кезеңмен салыстырғанда 3% артып, 27,3 мың тонна көлемінде болды (2023 жылғы 2-тоқсан: 26,5 мың тонна). Бұл өсімге кәсіпорындардағы өткізу қабілеттілігінің артуы ықпал етті, дегенмен өңделген кендердегі металдың мөлшері мен бөліп алу коэффициенті өзгермеді. Биылғы 9 айда мыс өндіру көлемі 77,5 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылдың аталмыш кезеңінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді (2022 жылдың 9 айы: 77,9 мың тонна). KAZ Minerals Bozshakol компаниясы кеніштен фабрикаға дейінгі технологиялық процесті және кен байыту фабрикаларында реагенттерді қолдану режимдерін оңтайландыру арқылы мысты бөліп алу коэффициентін арттыруға ден қоды. Нәтижесінде, 2023 жылдың тоғыз айында мысты бөліп алудың орташа коэффициенті 79,0%-ға жетті (2022 жылдың 9 айы: 75,0%). Осы кезеңде өңделген кендегі орташа мыс мөлшерінің төмендеуі бұған кедергі болмады.
2023 жылдың тоғыз айында 86,2 мың унция алтын өндірілді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6% аз (2022 жылдың 9 айы: 91,4 мың унция). Оған негізінен өнімділіктің төмендеуі және қайта өңделген кендегі алтынның төмен мөлшері себеп болды. Күміс өндірісі, керісінше, 11% артып, 620 мың унцияға жетті (2022 жылдың 9 айы: 556 мың унция) — екі фабрикада да өңделген кендегі күмістің мөлшері жоғары болды.
Шығыс өңір мен Бозымшақ
2023 жылдың тоғыз айында 1,99 млн тонна кен өндірілді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27% аз болды (2022 жылдың 9 айы: 2,7 млн тонна). Бұл Бозымшақ карьерінде өндірістің жоспарлы қысқаруына байланысты болды, өйткені жерасты өндірісіне көшу үшін аршу жұмыстары жүргізілді.
Биылғы тоғыз айда мыс өндірісі 12% қысқарып, 31,7 мың тоннаны құрады (2022 жылдың 9 айы: 36,2 мың тонна). Бұл өңделген кендегі металл мөлшерінің жоспарлы төмендеуіне, Орлов өндірістік кешеніндегі техникалық қызмет көрсетуден кейін бөліп алу коэффициентінің және өткізу қабілетінің төмендеуіне байланысты болды. 2023 жылдың үшінші тоқсанында 9,0 мың тонна мыс өндірілді, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 32% аз (2023 жылғы 2-тоқсан: 13,2 мың. тонна). Шығыс өңірдегі кәсіпорындарда өндіріс азайды. Бұған себеп – бөліп алу коэффициентінің төмендеуі және Орлов кешеніндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары.
2023 жылдың тоғыз айында алтын өндірісі 9% азайып, 34,1 мың унцияны құрады (2022 жылдың 9 айы: 37,5 мың унция). Оған Бозымшақ кен орнындағы кендегі алтын мөлшерінің жоспарлы төмендеуі және кен байыту фабрикаларының өткізу қабілетінің төмендеуі әсер етті. Үшінші тоқсанда өндірілген алтын көлемі 4% азайды — 11,2 мың унция (2023 жылғы 2-тоқсан: 11,7 мың унция). Шығыс өңірдегі алтын мөлшері мен бөліп алу коэффициентінің артуы Бозымшақтағы металл мөлшерінің азаюымен және Шығыс өңірдегі кен байыту фабрикалардың өткізу қабілетінің төмендеуімен теңестірілді.
2023 жылдың тоғыз айында өндірілген 1,477 млн унция күміс өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12% артық (2022 жылдың 9 айы: 1,313 млн унция). Оған кендегі күмістің артуы және Шығыс өңірдегі бөліп алу коэффициентінің жақсаруы ықпал етті. Бұл өткізу қабілеттінің төмендеуін өтеді. 2023 жылдың үшінші тоқсанында күміс өндірісі 492 мың унцияны құрап, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 20% аз болды (2023 жылғы 2-тоқсан: 613 мың унция). Негізінен бұл Шығыс өңір фабрикаларының өткізу қабілетінің төмендеуі салдары.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша концентраттағы мырыш өндірісі 36,4 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 24% артық (2022 жылдың 9 айы: 29,4 мың тонна). Оған Шығыс өңірдегі екі кен байыту фабрикасында да металл мөлшері мен бөліп алудың артуы ықпал етті. Үшінші тоқсанда 12,5 мың тонна концентраттағы мырыш өндірілді, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 16% аз (2023 жылғы 2-тоқсан: 14,8 мың тонна), оған өткізу қабілеттілігінің төмендеуі кері әсерін тигізді. Дегенмен ол екі фабрикаға да келген кендегі мырыштың жоғары мөлшерімен ішінара өтелді.
Эндрю Саузам, KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы: «2023 жылдың тоғыз айында KAZ Minerals 301 мың тонна мыс өндірді, бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 7% артық. Оған Ақтоғай кен орнындағы екінші байыту фабрикасының қуаттын арттыру әсер етті. 2023 жылы Топ былтыр жинақталған дайын өнім қорларын бітірді, ал мыс сату көлемі 2023 жылғы өндіріс көлемінен 43 мың тоннаға асты».
2023
9 ай |
2022
9 ай |
2023
3-тоқ. |
2023
2-тоқ. |
2022
3-тоқ. |
|||
Мыс өндіру1 | мың тонна | 301,2 | 281,9 | 101,7 | 104,4 | 102,0 | |
Ақтоғай | мың тонна | 192,0 | 167,8 | 65,4 | 64,7 | 63,6 | |
Бозшакөл | мың тонна | 77,5 | 77,9 | 27,3 | 26,5 | 26,3 | |
Шығыс өңір мен Бозымшақ | мың тонна | 31,7 | 36,2 | 9,0 | 13,2 | 12,1 | |
Алтын өндіру2 | мың унция | 120,3 | 128,9 | 42,4 | 41,4 | 44,4 | |
Күміс өндіру2 | мың унция | 3 004 | 2 718 | 1 026 | 1 141 | 986 | |
Концентраттағы мырыш | мың тонна | 36,4 | 29,4 | 12,5 | 14,8 | 10,2 |
- Концентраттағы ақысы төленетін металл және Ақтоғайдағы оксидті кеннен өндірілген катодты мыс
- Концентраттағы ақысы төленетін металл