KazAID 2025 жылы “Авиценна: денсаулық сақтау” бағдарламасын жалғастыруда

2024 жылы KazAID Орталық Азиядан келген медициналық оқу орындарының студенттері үшін “Авиценна: денсаулық сақтау” бағдарламасын сәтті іске асырды. Шетелдік студенттер мен серіктестердің бастаманы жоғары бағалауы оның маңыздылығын растады және бағдарлама 2025 жылы кеңейтілген мүмкіндіктермен жалғасуда.
KazAID академиялық ұтқырлықты қолдап медициналық білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайта отырып, Астана медицина университетімен (АМУ) және TIKA Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен серіктестікте “Авиценнаны: денсаулық сақтау” бағдарламасын қайта іске қосады.
Бағдарлама жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізген Қырғызстан мен Тәжікстанның медициналық оқу орындарының студенттерін қолдауға бағытталған. 2025 жылы осы елдердің 10 студенті АМУ академиялық ұтқырлығы аясында 10 сәуірден 2 мамырға дейін білім алады. Бағдарлама медициналық білім берудің негізгі аспектілерін, сондай-ақ Астананың көрікті жерлеріне баратын мәдени бөлімді қамтиды.
Оқыту KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігінің гранты арқасында қатысушыларға өтеусіз негізде беріледі.
Қазақстан медициналық білімнің жоғары деңгейіне және денсаулық сақтаудағы озық тәсілдерге ие бола отырып, Орталық Азияның жас мамандарымен білім және тәжірибесімен бөліседі.
Болашақта бастаманы одан әрі дамыту және географиялық қамтуды кеңейту жоспарлануда.
Анықтама: ҚР СІМ “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігін Қазақстан Үкіметі құрды және дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы оператор болып табылады. “KazAID” ДРК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді.
ҚР СІМ “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Баспасөз қызметі
Telegram-канал: KazAID 2025 жылы “Авиценна: денсаулық сақтау” бағдарламасын жалғастыруда