Қазақ дипломаты АҚИҰ Бас директоры болып сайланды
Дохада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) 6-шы Бас Ассамблеясы шешімімен – қазақ дипломаты Асқар Мусинов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚИҰ Бас директоры лауазымына сайланды.
А. Мусинов – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған мансаптық дипломаты. Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Оңтүстік Африкадағы ҚР Елшісі лауазымында болды.
Сонымен қатар, ол ҚР СІМ-де министрдің орынбасары және жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. АҚИҰ Бас директор болып тағайындалғанға дейін, 2018 – 2023 жылдар аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымында Бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.