Қазақстан азаматтық авиация күні

1 ақпанда Қазақстан алғаш рет азаматтық авиация қызметкерлері күнін атап өтуде. 90 жылдан астам тарихы бар Қазақстан азаматтық авиациясы қазіргіде туризмді, бизнесті және мәдени алмасуды дамытуға серпін беруде.

Air Astana еліміздің әуе индустриясының қалыптасуы мен жақсаруына қосқан үлесін мақтан тұтады. 2002 жылы орындалған тұнғыш рейсінен бастап әуекомпания халықаралық қауіпсіздік стандарттарын ұстанып, маршруттық желіні кеңейтіп, әуедегі рейстерді ыңғайлы етеді. Әр рейстің негізінде әуекомпанияда жұмыс істейтін 6000-нан астам маманның еңбегі бар.

Air Astana азаматтық авиация саласында қызмет ететін барша жандарды құттықтап, қымбатты жолаушыларға қолдау мен сенімдері үшін алғыс айтады. Ашыө аспан астында тек қауіпсіз ұшулар мен қонулар болсын!