Қазақстан — Азия Кубогының қола жүлдегері
Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия Кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ольга Урманова баптайтын командамыз Таиланд ойыншыларын айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 7-2.
Аман Елубаев бүгін покер жасаса (4 гол), Еркебұлан Дүйсенбеков, Ермек Ташкеев пен Тілек Өзбек бір-бір голдың авторына айналды. Қазақстан мен Таиланд арасындағы ойынның үздік ойыншысы — қақпашы Ленур Вишняков.
Талдықорған қаласындағы бәсекеде Иран мен Индонезия құрамасы финалға шығып, 2025 жылы Хорватияда өтетін әлем чемпионатына сары құрлықтан жолдама алды. Финалда Иран құрамасы қарсыластан 7-1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бір аптаға созылған Азия Кубогында 8 елдің хоккейшілері жиналып, сынға түсті.
Бүгін еліміздің ерлер құрамасы 6-рет Азия Кубогында жүлде алды. Үш рет күміспен (2015, 2017 жылы Қатарда, 2019 жылы Чонбуриде) күтпелсе, тағы 3 рет қолаға (2014, 2022, 2024) қол жеткізді.