Қазақстан нарығының CIFTIS 2024 көрмесіндегі дебюті

12-16 қыркүйек аралығында Бейжіңде өткен CIFTIS 2024 халықаралық қызмет көрсету көрмесінде Қазақстан елі алғаш рет өзін таныстырды. Бұл қызмет саудасы саласындағы әлемдегі ең ірі іс-шара 85 ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, соның ішінде 13 мемлекетті де алғаш рет ұлттық стендтерін ұйымдастырды.

Көрмеде Қазақстан 15 компанияның жетістіктерін көрсетеді. Олардың арасында алматылық Rocket Tech командасы маңызды орынға ие. Бұл ұйым Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балаларды зымыран ғылымына үйретіп, осы саладағы тәжірибесімен бөліседі. Rocket Tech балаларды оқытып қана қоймай, оларды ғылым мен техника саласындағы жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

Rocket Tech командасының өкілі Алихан Рыспай: 

«CIFTIS 2024 халықаралық қызмет көрсету көрмесінің қонақтары мен қатысушыларының Қазақстан стендіне деген жоғары қызығушылық пен ілтипат бізді өте қатты таң қалдырды. Бұл біздің жас ұрпақты зымыран техникасын үйретуге деген көзқарасымыздың халықаралық аренада үлкен қызығушылық пен танылуды тудырып отырғанын растайтыны сөзсіз»

Халықаралық көрмеге қатысып жақтан отандық компаниялардың арасында Alpha Sky әуе компаниясы да бар. Бұл – халықаралық әуе тасымалына маманданған Қазақстандағы жетекші жүк авиакомпаниясы. Компания ауқымды жүктерді БАӘ, Гонконг, Түркия және Қытай сияқты негізгі бағыттарға жеткізуге жәрдемдеседі. Жақында компания жүк көтергіштігі 30 тоннаны құрайтын Гонконг – Түркістан бағыты бойынша чартерлік рейстерді орындауға арналған жаңа Боинг 757-200 ұшағымен толықты.

«CIFTIS шарасына қатысу бізге өз мүмкіндіктерімізді көрсетуге және Қытай нарығындағы позициямызды нығайтуға жол ашады. Бұл бізге осы маңызды аймақтағы қатысуымызды кеңейтіп қана қоймай, жаңа серіктестік пен ынтымақтастық орнатуға көмектеседі деп сенеміз», — деді Alpha Sky Airlines өкілі.

Қазақстандық стендтің ашылуына Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышеев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысты. Ұсынылған компаниялар көлік, логистика, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау және туризм сияқты көптеген секторларды қамтиды.

ДСҰ статистикасына сәйкес, жаһандық қызметтер экспорты 2013 және 2023 жылдар аралығында орташа есеппен 4,9% өсті, бұл тауарлар экспортының өсу қарқынынан екі есе дерлік. Қазақстанның CIFTIS-ке қатысуы халықаралық ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар қазақстандық қызметтерді әлемдік аренада ілгерілетуге көмектеседі.

Ғазиза Ұзақ

Бейжің