Қазақстан мен Қытай сәйкестікті бағалаусаласындағы бірлескен жұмысты күшейтеді

Қазақстан мен Қытай сәйкестікті бағалаусаласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі бірлескеніс-қимыл жоспарына қол қойды.

2025 жылы шілденің 8-і күні Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің стандарттау мәселелері жөніндегі кеңесі аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында сәйкестікті бағалау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова мен ҚХР Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы (SAMR) басшысының орынбасары Дэн Чжиюн  мырза қол қойды.

Аталған жоспар бұрын қол қойылған сәйкестікті бағалау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум аясында тараптардың өзара іс-қимылының басым бағыттары мен нақты формаларын айқындайды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретіндеэлектрондық сауданы дамыту мәселесіне ерекшеназар аударды. Трансшекаралық электрондықплатформалар арқылы сатылатын тауарлардың сәйкестігін растау тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ екіелдің тұтынушылары үшін тауарлардың  сапасымен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен Жұмыс тобын құру бойынша нақты қадамдар талқыланды.

Кездесу конструктивті және серіктестікмақсатында өтті. Бұл тараптардың тәжірибелік ынтымақтастықты тереңдетуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсетеді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі