Қазақстан Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады: Милана Красавцева ширек финалға өтті

52 кг салмақ дәрежесінде (К44 класс) пара таеквондодан жеребе қорытындысы бойынша Милана Красавцева Доминикан Республикасынан келген Геральдо Диаспен іріктеу жекпе-жегінде кездесті. Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде біздің спортшы мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.