Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласындағы АҚШ консулдығының құттықтауы

Құрметті достар, Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті достар, Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтау – мен үшін үлкен мәртебе. Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктері әрдайым шабыт береді. Жуырда өткен C5+1 саммиті барысында Сіздер Америка Құрама Штаттарымен және Орталық Азиядағы басқа да серіктестермен экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, энергетикалық және экологиялық орнықтылықты арттыру, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен өзара байланысты нығайтуға бағытталған ортақ көзқарасты ілгерілеттіңіздер. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның Орталық Азияның болашағын қалыптастырудағы маңызды рөлін жоғары бағалайды.
Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық жылдан жылға нығайып келеді. Америкалық компаниялар Қазақстанның серпінді нарықтарына — энергетика, стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар, цифрлық инновациялар мен ауыл шаруашылығы салаларына инвестицияларын кеңейтуде. Біз тұрақты өсімді қолдайтын және екі халық үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатын жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделіміз. Америка Құрама Штаттары өз тарихындағы 250 жылдық мерейтойына жақындап келе жатқан кезеңде, бұл екі ел үшін өткенді құрметтеп, болашақты бірге құрудың символына айналмақ. Біз серіктестігімізді одан әрі тереңдете түсуге үміттіміз.
Америка Құрама Штаттары атынан Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Қазақстанға бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!
Алматы қаласында орналасқан АҚШ Бас консулы Мишель Еркин
Dear friends, it is my honor to congratulate the people of Kazakhstan on your Independence Day. Kazakhstan’s achievements since independence continue to inspire. Most recently, during the C5+1 Summit, you advanced a shared vision for deeper economic cooperation with the United States and other Central Asian partners, greater energy and environmental resilience, and stronger regional security and connectivity. The United States greatly values Kazakhstan’s meaningful role in shaping the future of Central Asia.
Our economic cooperation continues to grow stronger. American companies are expanding investments in Kazakhstan’s dynamic markets — from energy and critical minerals to digital innovation and agriculture — and we look forward to advancing projects that support sustainable growth and create new opportunities for both our peoples. As the United States approaches our 250th birthday, a moment for two countries to celebrate the past and future together, we look forward to deepening our partnership. On behalf of the United States, I warmly congratulate you. Happy Independence Day!
U.S. Consul General in Almaty Michelle Yerkin


