Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Amway Central Asia құттықтауы

Amway Central Asia компаниясы атынан Қазақстан Республикасының халқына Тәуелсіздік күніне орай шынайы құттықтауымызды жолдаймыз.
Бұл айтулы дата Қазақстанның тұрақты даму, ашықтық пен ілгерілеу жолын айқындайды. Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істей отырып, біз елдің қарқынды дамуын, халықаралық аренадағы рөлінің артуын, сондай-ақ өмір сапасының, кәсіпкерліктің және инновацияның тұрақты жақсаруын айқын байқадық.
Amway Central Asia компаниясының миссиясы – Қазақстандағы мүмкіндігінше көп адамға өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу. Біз денсаулық пен әл-ауқатты қолдауға бағытталған өнімдер ұсынып қана қоймай, ел азаматтарына жаңа бизнес мүмкіндіктерін жасауға да үлес қосып келеміз. Бұл өз кезегінде бүкіл ел бойынша салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Сонымен қатар біз Қазақстанның өркендеуіне бағытталған әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып, қолдауды мақтан тұтамыз. Олардың қатарында волонтерлік бастамалар мен «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың негізі» атты мектеп жобасы бар. Аталған жоба жас ұрпаққа жан-жақты білім беруге, өмір бойы сақталатын денсаулық пен әл-ауқат құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Біз қазақстандық серіктестер мен тұтынушылармен тығыз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Олардың сенімі мен белсенділігі өңірдегі қызметіміздің қалыптасуына ықпал етіп, ортақ әл-ауқат, жауапкершілік және ұзақ мерзімді даму қағидаттарына берік екенімізді нығайтты.
Қазақстанға береке-бірлік, өсіп-өркендеу және тұрақты даму тілейміз. Бұл күн жаңа жетістіктерге шабыт беріп, берік серіктестіктерді одан әрі нығайтып, келер ұрпақ үшін дені сау әрі табысты болашақтың негізін қалауына себеп болсын.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметпен,
Amway Central Asia бас директоры Ник Музашвили
«Астана Опера» әртістері Тәуелсіздік күні қарсаңында
елеулі өзгерістер туралы айтып берді
On behalf of Amway Central Asia, we extend our sincere congratulations to the people of the Republic of Kazakhstan on the occasion of Independence Day.
This important date symbolizes Kazakhstan’s path toward sustainable development, openness, and progress. Over more than 10 years of our presence in Kazakhstan, we have witnessed the country’s impressive evolution, its growing international role, and continuous improvements in quality of life, entrepreneurship, and innovation.
At Amway Central Asia, our mission is to help make as many people in Kazakhstan as possible thrive. We are committed to providing both business opportunities and products that support health and wellbeing, contributing to the promotion of a healthy lifestyle for people across the country.
We are also proud to implement and support social programs and projects aimed at the prosperity of Kazakhstan. These include volunteer initiatives as well as the school-based project “Health and Wellbeing – the Foundation of a Successful Future,” which focuses on comprehensive education for the younger generation, helping to foster lifelong values of health and wellbeing.
We value our close cooperation with Kazakh partners and consumers, whose trust and engagement have shaped our activities in the region and strengthened our shared commitment to wellbeing, responsibility, and long-term development.
We wish Kazakhstan prosperity, unity, and continued growth. May this day inspire new achievements, strengthen long-standing partnerships, and contribute to a healthy and successful future for generations to come.
Happy Independence Day of the Republic of Kazakhstan!
Sincerely yours,
Nick Muzashvili General Director, Amway Central Asia


