Қазақстан Сыртқы істер министрінің Түрікменстан Президентімен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді Ашхабадқа ресми сапары барысында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады.
Түрікменстан басшысы екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестікті тереңдетуді, жоғары және аса жоғарғы деңгейлерде орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық өңірлік ұйымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Министр М.Нұртілеу Түрікменстан Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен сәлемін жеткізді.