Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде венчурлік индустрия туралы подкаст іске қосылды

Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде венчурлік индустрия және инвестициялар туралы подкаст іске қосылды. Жобаның авторлары — EA Group инвестициялық холдингі мен QARA Studios киностудиясы.

«Invest Dala» подкасты ерекше нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың тарихы арқылы Қазақстанның венчурлік нарығының ерекшеліктерін және оның жаһандық үрдістермен байланысын ашуға бағытталған. Жобаның толығымен қазақ тілінде. Подкаст авторлары бұл Қазақстандағы және Қазақстан үшін венчур мен стартаптар туралы ана тілінде бүкпесіз баяндалатын подкаст екенін атап өтті.

Алғашқы шығарылымның қонағы ақылды тұрақ жүйелерін әзірлейтін қазақстандық стартап Parqour компаниясының негізін қалаушысы және бас директоры Әмірхан Омаров болды. EA Ventures (EA Group) венчурлік бөлімшесінің басшысы Әділбек Камиевпен бірге олар елдің венчурлік саласының ағымдағы жағдайын, Parqour-дың халықаралық аренадағы дамуын, әртүрлі елдердің әртүрлі деңгейдегі инвесторларынан инвестиция тарту процесін және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады.

Подкасттың авторлары EA Group инвестициялық холдингі мен «ҚАШ» және «Тұтқында» сияқты қазақстандық фильмдерімен танымал QARA Studios киностудиясы болды.

«Біз венчурлік инвестицияларға келген кезде ақпарат аз болды. «Invest Dala» арқылы біз инвесторлардың, кәсіпкерлердің жаңа буынына индустрия туралы көбірек білуге көмектесеміз деп үміттенеміз. Және бізге ана тілімізде сөйлеу, қазақ тілінде кәсіби үлес қосу маңызды», – дейді Ерік Әубәкіров, EA Group холдингінің бас атқарушы директоры, – «Айта кетейін, Parqour біздің алғашқы венчурлік инвестициямыз болды және біз Әмірханның подкастқа қатысқанына қуаныштымыз».

«Шығармашылық индустриядағы инвестициялар тақырыбы өте өзекті, өйткені біздің елімізде талантты және әлеуетті адамдар өте көп. Әрбір шығармашыл адам өз көзқарасын жүзеге асыруға және әлемді жақсартуға көмектесетін серіктестер табуға ұмтылады. Мұндай қазақша подкасттың дарында қонақтармен бір-бірін толықтыруы — салалық бағытымызды одан сайын жандандыра түседі. Әрбір көрермен, тыңдарман әр шығарылымнан өзіне пайдалы дүниені табатынына сенемін», – дейді QARA Studios басшысы, продюсер Еркебұлан Құрышбаев.

Авторлардың айтуынша, подкасттың басты мақсаты — жас кәсіпкерлерге, стартаперлерге және венчурлік индустрияның барлық ойыншыларына бірігуге, елдің стартап сахнасы туралы көбірек білуге көмектесу. Сонымен қатар олар қазақ тілінде көбірек кәсіби контент жасауға шақырады.

Подкаст қазірдің өзінде тыңдауға қол жетімді. Авторлардың айтуынша, жаңа шығарылымдар әр 2 апта сайын шығып тұрады.