Қазақстанда алғашқы өндірістік тур толық өнеркәсіптік қолданысқа енді

Енді кез келген азамат қалауы бойынша ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытына саяхат жасай алады. Ол үшін арнайы сайтқа кіріп, өтінім берсеңіз жеткілікті.

Естеріңізде болса ертеректе Eurasian Resources Group (ERG) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай алғашқы отандық өнеркәсіп турының тұсауын кескен болатын. Бірінші болып қызығушылық танытқандарға Ақтөбе ферроқорытпа зауыты есігін айқара ашты. Алайда, пандемия салдарынан туындаған шектеу шараларын байланысты көп қонақты шақыруға мүмкіндік болмаған. Енді пилоттық жоба толық өнеркәсіптік қолданысқа енгенін қуана хабарлаймыз. Зауыттағы экскурсияға қатысқысы келетін қонаққа https://vtour.erg.kz сайтына кіріп, өтінім қалдырса жеткілікті.

Нұсқама төмендегі бейнероликте толық көрсетілген.

Арнайы сілтеме

«Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев: «Біздің есігіміз Сіздерге қашан да ашық. Біз еліміздің қара металлургиясының қалыптасу тарихын және оның қазіргі күйін көрсетуге де, баяндауға да әзірміз. Мақтанарлық жетістіктеріміз көп. Себебі «Қазхром» – «туған қалаларымыз» үшін стратегиялық маңызды, ең қызық инвестициялық жобаларды іске асыратын ферроқорытпа саласының көшбасшысы»

Өндірістік турдың тағы бір маңызды мақсаты – бұл жас ұрпақты мамандық таңдауға дайындау, оларға кәсіптік бағдар беру. Сондықтан алғашқы болып зауытқа келу мүмкіндігін Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенттері пайдаланды. Жастар қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі нұсқамадан өткен соң, үш цехты аралады. №2 балқыту цехында олар пештен аққан металдың жалынын сезді. Содан кейін студенттер бір минут ішінде 70 тонналық жүк тиелген жартылай вагонды босата алатын вагонаударғышты көрген. Ал №4 балқыту цехында қонақтар «отты өзеннің» алдында суретке түсе алды. Турмаршруттың соңында жастар ферроқорытпаны фракциялау және тиеу цехына барып, экспортқа жөнелтілетін дайын өнімді қолдарымен ұстап көрді.

«Зауытқа алғаш рет келдім. Колледжде күн сайын дайын өнімді көріп жүретінмін, бірақ шикізатты қалай өндіретінін, одан металл қалай шығатынын тіпті ойлаппын. Бүгінгі экскурсия мені қатты таңғалдырды. Мұның бәрін өз көзімен көргеніме қуанып отырмын. Ұйымдастырушыларға көп рақмет! Бұл расында өте қызық әрі пайдалы екен»,дейді колледж студенті Анастасия Франк.

Айта кетелік, «Қазхром» мамандары мен Бірыңғай оқу орталығы бірлесіп, турмаршрутты жасақтап, ұйымдастырған. Бұл орталық бүкіл Топтың қызметкерлерін оқытуға және дамытуға жауапты. Енді аталған бөлімше жоғарыда аталған сайттан келіп түскен өтінімдерді қабылдайтын болады. Айтпақшы, әр туристі назардан тыс қалдырмау үшін туристік топтар 15 адамнан аспайды.