Қазақстанда ана сүтімен қоректендіру негіздеріне үйрету жобасы басталды

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ана мен балаға медициналық көмекті жақсарту және ана сүтімен қоректендіруді қолдау бағдарламасының жаңа кезеңі іске қосылды.

Ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы медициналық көмекті жетілдіруге, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және емізуді қолдаудың халықаралық стандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінеді.

«Ана сүтімен қоректендіру — нәрестені тамақтандырудың табиғи тәсілі ғана емес, сонымен қатар оның денсаулығы мен толыққанды дамуының маңызды негізі. Ана сүтімен қоректендіру инфекциялық аурулар қаупін төмендетеді, иммунитетті күшейтеді және ана мен баланың арасындағы тығыз байланысты қалыптастырады. Ана сүтімен қоректендіруді  қолдау — тек медицина жүйесі деңгеінде ғана емес, бүкіл денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың да басым бағыты», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Бағдарлама жүктілік және ерте шақтағы балаларға көмек көрсететін 400 медицина қызметкері — дәрігерлер, акушерлер мен мейіргерлер арнайы оқудан өтеді. Оқу Астана медицина университетінің неонатология кафедрасының базасында өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен мамандарды қамтиды.

«Ана мен бала денсаулығын жақсарту — бұл адам құқықтарына негізделген және денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуды алға жылжытуға тығыз байланысты ДДҰ-ның басты басымдықтарының бірі. ДДҰ әйелдердің құндылықтары мен таңдаулары көмек көрсету үдерісінің негізінде тұратын денсаулық сақтау жүйесін жоспарлауды қолдайды. Әйелдердің, отбасылардың, қоғамдастықтар мен медицина қызметкерлерінің шынайы қатысуы мен құқықтарын кеңейту — медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың табысты болуының маңызды шарты», — деді ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла.

Сонымен қатар, 50 медициналық ұйым «Балаға мейірімді аурухана» халықаралық мәртебесіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өтеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі