Қазақстанда дзюдодан «Үлкен Дулыға» жарысы өтеді

Еліміздің дзюдо федерациясы Парижде өткен кездесуде Халықаралық федерациямен төрт жылдық келісімшартқа отырып, доданы ұйымдастыру құқығын алды. Жарыс Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam атауымен өтеді. Сондай-ақ елімізде халықаралық оқу-жаттығу лагері өткізіліп тұрады.