Қазақстанда Lada Aura автокөліктерінің сатылымы басталды
«ASTER AUTO» ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағындағы LADA брендінің ресми дилері. Қазіргі уақытта автосалондарда LADA Granta, LADA Vesta, Niva Travel модельдері ұсынылған, ал жақында шоу-румдарға аңызға айналған Niva Legend келеді.
ASTER AUTO Қазақстанда LADA Aura бизнес-седандарының бөлшек сатылымының басталғанын хабарлайды. 2025 жылдың қаңтарында алғашқы көлік Алматы қаласындағы дилерлік орталыққа келіп түсті.
LADA Aura – екінші қатардағы жолаушылардың қосымша жайлылығына басымдық бере отырып әзірленген көлік. Бұл модельде жолаушыларға аяқ кеңістігінде қосымша 25 см орын қарастырылған. Барлық LADA Aura көліктері 122 а.к. қуаттылығы бар 1.8 EVO қозғалтқышымен және автоматты беріліс қорабымен жабдықталған. LADA Aura үшін үш түрлі кузов түсі қолжетімді: қара «пантера», күміс «платина» және қоңыр «кориандр»
Көлікке екі негізгі жинақтама ұсынылған. Бастапқы нұсқа – Premier. Оның жабдықталуына толық жарықдиодты оптика, 4 қауіпсіздік жастығы, тұрақтылықты басқару жүйесі, соқыр аймақтарды бақылау жүйесі, алдыңғы және артқы тұрақ датчиктері, рөл және алдыңғы орындықтар, артқы диванның жастығының жылытқышы, кондиционер, круиз-бақылау, 7 дюймдік экранмен жабдықталған LADA Enjoy мультимедиасы және басқа да жайлылық пен қауіпсіздік жүйелері кіреді.
Status нұсқасында интерьер табиғи былғарымен қапталған, артқы бас тіректерде қосымша жастықтар қарастырылған, ал артқы орындық жылытқышына арқалық бөлігі де кіреді. Status нұсқасы үшін аспаптар панелінің және рөлдің қара немесе екі түсті дизайны таңдалуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл нұсқа топтық мультимедиалық жүйемен ерекшеленеді: оған 10 дюймдік планшет, 8 динамик және Яндекс Авто қызметтері бар LADA Enjoy Vision Pro орнатылған. LADA Aura-ның Status жинақтамасының бағасы – 11 000 000 теңгеден басталады.
«ASTER AUTO» клиенттердің жайлылығын әрдайым ойлап, LADA көліктерін сатып алуға ең тиімді ұсыныстар ұсынады.
2024 жылдың желтоқсан айының соңынан бастап компания «LADA – БАЗАР ЖОҚ!» акциясын іске қосты:
- LADA – БАЗАР ЖОҚ! – автокөлікті қолма-қол төлем арқылы минималды бағамен сатып алу.
- LADA – ОЙ БАЙ! – бастапқы жарна 10%-дан бастап, 0,1% минималды артық төлеммен 7 жылға дейін ыңғайлы несие мерзімін таңдау.
- LADA – Мәссаған! – бастапқы жарнасыз 7 жылға дейін кез келген LADA моделін сатып алу, ай сайынғы төлем 107 435 теңгеден басталады.
- LADA – ЗЫҢ ЗЫҢ! – 4,5% жеңілдікті несие және бастапқы жарна 10%-дан басталады.
LADA модель қатары және сатып алу шарттары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасының 19 ірі қаласындағы ресми дилерлерден немесе https://lada-kazakhstan.kz сайтынан алуға болады.