Қазақстанда New York Film Academy филиалы өз жұмысын бастады

Алматы облысының Қаскелең қаласында әлемге әйгілі New York Film Academy (NYFA) алғашқы қазақстандық және АҚШ-тан тыс үшінші кампусы ашылды. Бұл маңызды оқиға елдегі креативті индустрияның дамуына серпін беріп, жас таланттар үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты.

Жоба 2024 жылы Алматы энергетика және байланыс университеті тарапынан ұсынылып, биылғы 29 қыркүйекте Energo University Креативті индустриялар паркі аумағындағы кампуста оқыту басталады. Мұнда арнайы АҚШ-тан келген NYFA кәсіби лекторлары дәріс береді. Білім беру бес бағыт бойынша жүргізіледі: кинопроизводство (Filmmaking), продюсирование (Producing), сценарий жазу (Screenwriting), анимация және визуалды эффектілер (3D animation & VFX), сондай-ақ ойындар дизайны (Game design).

Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстан мен көршілес елдерден, соның ішінде Қытай, Үндістан және Ресейден 200-ге дейін студент қабылданады. Түлектер алған диплом американдық университет дипломына теңестіріліп, оларға NYFA-ның Нью-Йорк немесе Лос-Анджелес қалаларындағы кампустарында оқуын жалғастыру мүмкіндігін береді.

Қаскелеңде New York Film Academy филиалының ашылуы – бұл тек білім беру саласын кеңейту ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның креативті экономикасын дамытуға қосылған елеулі үлес. Жаңа университет кино, анимация және ойын индустриясы салаларында кәсіби мамандар даярлайтын мықты платформаға айналып, жастарға халықаралық деңгейде табысқа жетуге жол ашады.

Алматы облысының әкімдігі