Қазақстанда ресми Бауырсақ күнін өткізуді ұсынды
inDrive.Курьерлер қызметі Қазақстанның мемлекеттік органдарына Бауырсақ күнін белгілеу туралы өтінішпен жүгінді. Бастаманы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық қорының президенті де қолдады.
inDrive.Курьерлер – inDrive халықаралық сервисінің экожүйесіне кіретін курьерлік жеткізу қызметі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстанда Бауырсақ күнін жаңа мемлекеттік мереке ретінде жариялау туралы өтінішпен жүгінді. Бастамаға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық қорының президенті Арман Әубәкір де қолдау білдірді.
Көптеген елдер өздерінің танымал ұлттық тағамдарының күндерін атап өтеді: Италияда –- паста күні, Жапонияда – суши күні, АҚШ-та – хот-дог күні. Бауырсақ күнін мерекелеуді бастау ұлттық қонақжайлылықты, береке мен ізгілікті бейнелейтін қазақ асханасының басты нышандарының бірі, деп есептейді компания.
«2023 жылдың қыркүйегінде біз Алматы көшелерінде «Бауырсақ түсті күз» акциясын өткіздік. Бірнеше күн қатарынан жанды қазақ музыкасын тыңдап, бауырсақ тараттық», — дейді ТМД елдеріндегі inDrive.Курьерлер кызметінің басшысы Анастасия Литвишкова. – Өтіп бара жатқан адамдардың реакциясы мен сөздері бауырсақтың тек жағымды және мерекелік эмоциялар тудыратынын, оның Қазақстан мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін көрсетті.
Бауырсақ – түркі халықтарының үлкен тобының дәстүрлі тағамы. Бірақ Қазақстан Еуразия құрлығының орталығында орналасқан және көптеген мәдениеттерді, этностар мен халықтарды бірітірген, бауырсаққа ерекше мәртебе берген алғашқы ел бола алады.
Сонымен қатар, Бауырсақ күні Қазақстанға қосымша туристерді тартудың жақсы мүмкіндігі болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар елдің тамаша мәдениетімен танысады. Бұл бастама туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық қорының президенті де айтып өтті.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Ас атасы — баурысақ! inDrive.Курьеры компаниясының елімізде «Бауырсақ күнін» ресми түрде белгілі бір датаға айналдыру жөніндегі ұсынысы шын мәнінде назар аударарлық екен. Расында, байтақ Қазақ даласында бала күнінен таңдайында бауырсақтың дәмі қалмаған жан жоқ десе де болады. Қандай жаугершілік кезеңдерде де, жорықтарда да, көшіп-қонған шақтарда да қоржын толы бауырсақ батырға да, балаға да, данаға да азық болған. Әр ұлттың өз ерекшелігі бар. Мысалы, италиялықтар пастасын, жапондар сушиін, қытайлар созылған кеспесін, өзбектер палауын ұлықтап жататынын байқаймыз. Бұл орайда арнайы Бауырсақ күні белгіленіп, дәл осы күні әр шаңырақта бауырсақ пісіріліп, ірі қалалардың орталық даңғылдары мен алаңжарында мерекелік шаралар болып, тұрғындар мен қонақтарға буы бұрқыраған бауырсақтар үлестіріліп жатса ел-халыққа қандай керемет көңіл күй сыйлар еді. Идея маған қатты ұнады! Бауырсақ күні қазақ елінің ғана емес бауырлас елдердің арасына көпір болатыны даусыз!
Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық-этнографиялық қорының президенті: «Ия, бұл өте жақсы идея. Мұндай мерекелер әр халықтың, ұлттың өзіндік гастрономиялық ерекшелігін айшықтайды. Бауырсақ біздің ұлттық тағамымыз, бір сөзбен айтқанда айдентикамыз. Қазір ұлттық құндылықтарымызды жан-жағынан, барлық бағыт бойынга кеңінен насихаттау аса маңызды болып тұр»