Қазақстанда жаңа Cadillac Escalade 2025 сатылымы басталды

Orbis Auto автомобиль тобының құрылымына кіретін Қазақстандағы Cadillac ресми дистрибьюторы 2025 жылғы жаңа Cadillac Escalade моделінің сатылымының басталғанын хабарлайды. Қазақстанда жаңа Escalade 2025 өзінің дизайнерлік акценттерімен және кеңейтілген опциялар жиынтығымен ерекшеленетін Premium Luxury Platinum және Sport Platinum екі үздік жиынтықта ұсынылады.
Cadillac Escalade 2025 жайлылықтың, технологияның және дизайнның жоғары деңгейін ұсына отырып, инновация мен сән-салтанат дәстүрін жалғастыруда. Көліктің сыртқы келбеті жаңа фирмалық радиатор торы, толықтай жаңартылған жарықдиодты оптикасы мен айқын шанақ сызықтары арқылы жаңаша сипатқа ие болды. Модель алғаш рет жол талғамайтын көліктің беделін айшықтай түсетін 24 дюймдік әсерлі жеңіл қорытпалы дискілермен ұсынылып отыр.
«Cadillac Escalade 2025 әрдайым ең жақсыларын таңдауға дағдыланған жандар үшін жасалған. Автомобильдің әрбір элементі мінсіз интерьерінен бастап, озық қауіпсіздік жүйелеріне дейін Cadillac компаниясының кемелдікке деген ымырасыз ұмтылысын айқын көрсетеді. Жаңа Escalade күнделікті қалалық сапарларда да, отбасымен ұзақ саяхаттау кезінде де мінсіз серік бола алады», – деп атап өтті Cadillac Kazakhstan компаниясының бас директоры Антон Ворсин.
Жаңа Escalade капотының астында көлемі 6,2 литр, Dynamic Fuel Management жүйесімен жабдықталған, қуаты 416 а.к. дейін жететін, айналу сәті – 623 Н·м тең қуатты бензинді V8 қозғалтқышы орнатылған. Әртүрлі жолдарда жүріс жатықтығы мен сенімді басқаруды бұл қозғалтқыштың 10 сатылы автоматты беріліс қорабы мен толық жетек жүйесінің бірлескен жұмысы қамтамасыз етеді.
Интерьер заманауи цифрлық технологиялар мен премиум материалдардың қолданылуымен ерекшеленеді. Алдыңғы панельдің басты элементі – 55 дюймдік иілген OLED-дисплейі. Оның пиксель тығыздығы 4K ажыратымдылығынан екі есе жоғары болуы кескіннің айрықша анықтығын, жарқындылығын және түстердің қанықтығын қамтамасыз етеді. AKG Studio Reference аудиожүйесіне кіретін 36 динамиктерінің арқасында концерт залдағыдай күйге бөленуге болады. Жоғары сапалы табиғи былғарымен қапталған салон, бүкіл отбасы үшін кең әрі жайлы кеңістік пен барынша жайлылықты ұсынады. Екінші қатардағы жолаушыларға барынша ыңғайлылықты қамтамасыз ететін жеке баптаулары бар бөлек «капитандық» орындықтар қолжетімді. Ал екі қатардағы орындықтардың және рөл дөңгелегінің жылыту жүйесі суық күндері сапарды ерекше жайлы етеді.
«Cadillac-тың жаңа флагманы технология мен сән-салтанат шекараларын кеңейтіп, иесінің жетістігі мен мәртебесін ашық білдіреді. Escalade 2025 біздің клиенттеріміздің, яғни өршіл көшбасшылардың, медиа тұлғалардың және әрдайым назарда болғысы келетін жандардың күтіміне толық сәйкес келеді. Сондықтан біз оның Қазақстан нарығына сәтті шығатынына және жоғары сатылым көрсеткіштеріне ие болатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Cadillac Kazakhstan компаниясының бас директоры Антон Ворсин.
Cadillac Escalade 2025 қазірдің өзінде жылдың үздік толық өлшемді премиум жол талғамайтын көлігі ретінде беделді J.D.Power агенттігінің сыйлығын жеңіп алып, халықаралық деңгейде жоғары бағаланды. Барлық автомобильдер ресми түрде Солтүстік Америкадан (GM USA) жеткізіледі және үш жылдық немесе 100 000 шақырымдық жүрілген жол сияқты зауыттық кепілдікпен қамтамасыз етілген.
Premium Luxury Platinum және Sport Platinum топтамаларындағы жаңа флагман Алматыдағы Cadillac Gallery және Cadillac Almaty автосалондарында, сондай–ақ Астанада Cadillac Astana дилерлік орталығында қолжетімді.