Қазақстандағы автосақтандыру саласында қандай өзгерістер болмақ?!

«Freedom Insurance» СК АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев «Автокөліктің жағдайын бағалаудың цифрлық қызметтері» тақырыбы аясында журналисттер мен блогерлермен кездесу өткізді. Маман Реттеушінің (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін автокөлікті сақтандыру тарифтерін қайта қарау және сақтандыру полисінің құнына өңірлік түзету коэффициенттерін енгізу туралы шешімі туралы өзінің көзқарасымен бөлісті.

Сақтандырушы жаңашылдықтың енгізілуімен сақтандыру құнының өзгеретінін, бірақ аз ғана көлемде болатынын атап өтті. Мысалы, Түркістан облысы бойынша сақтандыру бағасы 2024 жылы 6 600 теңгеден 7 650 теңгеге дейін өседі (жеңіл көліктердің базалық тарифі). Реттеуші төлемдер мен сыйлықақылардың арақатынасын еліміздің әр өңірінде 70%-ға теңестіруді жоспарлап отыр.

Керімбаев бүгінгі таңда нарық қатысушылары төлемдердің әділ болуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бойынша коэффициенттерді теңестіру қажет деген келісімге келгенін атап өтті. Одан кейін, яғни 2025-2026 жылдары бұл бастамалардың мәні айқынырақ білінген соң тарифтер Реттеуші белгілеген мақсаттарға жақындап, тиімсіздік коэффициенті 80%-ке дейін артады.

«Freedom Insurance» СК АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев:

«2023 жылы Freedom Insurance бойынша орташа сақтандыру сыйлықақы 18 400 теңгені құрады. 2024 жылы АЕК өсімін ескергендегі және түзету коэффициенттерін қолданғандағы компаниямыздағы сақтандыру сыйлықақысының орташа мөлшері төмен – шамамен 17 000 теңге болмақ. Бірақ сақтандырушылардың 2023 жылдың соңына дейін директорлар кеңесі деңгейінде базалық мөлшерлемелерді 10%-ке дейін көтеру немесе оларды сол процентке төмендету туралы шешім қабылдау құқығы бар»

Маман Freedom Insurance тарифтерді көтеру туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Оған себеп қазіргі уақытта компанияның шығын коэффициентінің жоғары болуы екен: ол 2 жыл бұрын бұл 160% болса, биылғы жылдың басында — 130%, ал қазіргі уақытта — 100% болыпты. «Біз тарифтерді тиімсіздіктің алдын алу мақсатында көтеріп жатырмыз, бірақ бұл шешім сыйлықақы мөлшеріне әсер етпейді, ол 18 400 теңге деңгейінде қалады», — деді ол.

Қазақстандағы көлік нарығында 4,5 миллион жеңіл көлік бар екен. Олардың жартысына жуығы – 20 жастан асқан көліктер. 10-20 жастағы автокөліктер 1 миллион дананы құрайды. 4,5 миллион автокөліктің 60%-і 10 жылдан асқан көліктер. Бұл ақпаратты сақтандыру төлемінің сомасын анықтау мақсатындағы амортизацияны есептеу кезінде ескеру маңызды. Автокөлік неғұрлым ескі болса, амортизацияның проценті соғұрлым жоғары болады, ол сақтандыру төлемінің төмен болатынын білдіреді. Шектеуі де бар – сақтандыру төлемін есептеу кезінде сақтандыру компаниясы амортизацияны 75%-тен асырмауы керек.

Cарапшы, cонымен қатар, автокөлік иелерінің 60%-і қосалқы бөлшектерді сатып алғаны үшін түпнұсқа қосалқы бөлшектердің құнынан 50%-ке төмен сақтандыру төлемін алатынын атап өтті. Тұтынушыларды көбі қосалқы бөлшектерді дубликат орнына түпнұсқасына ауыстырғысы келеді, алайда сақтандыру компаниялары клиенттерден жинайтын сақтандыру жарналарының төмен болуына байланысты түпнұсқа алуға қаражат жеткіліксіз болып жатады. Сондай-ақ, тұтынушылар көбіне қандай да бір бөлшекті жөндеуден гөрі толығымен ауыстырғанды жөн көреді. Оның үстіне бұзылған жерді жөндеу уақыты, яғни норма сағаттар төңірегінде даулар тағы бар. Дилерлік орталықта олардың бағасы 20 000 теңгені құраса, сақтандырушы оны орташа құнмен есептейді – 6 000 теңге.

Көлікті міндетті сақтандырудың қазіргі талаптары қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келмейді, көптеген автокөлік жүргізушілері сақтандыру төлемін алған кезде қанағаттанбайды да. Бұл 100% сақтандырушылардың кінәсі емес. Мәселе күрделі болғандықтан, автомобиль өнеркәсібінің аралас секторларының қатысуын талап етеді. Нарықтың көлікті сақтандыруға деген көзқарасы тұжырымдамалық өзгерістерді қажет ететінін түсіне бастағаны қуантады. Кейбір нарық қатысушылары төлем лимиттерін (қазір 600 АЕК, яғни 2 070 000 теңге) арттыру қажет дейді.

«Бұл лимит ұзақ уақыт бойы автосалоннан алынған бірде-бір заманауи автокөліктің толық залалын өтей алмай келеді, мұны ҚСҚ (Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы) мамандары да растап отыр. Мұндай жағдайда басқа өнім – КАСКО-ны қолданған дұрыс, бірақ тұрғындардың оған деген сенімі өте төмен», — деді сарапшы.

Жағдай амортизацияны есептеу кезінде біртұтас тәсілді қабылданғаннан бастап жақсара бастады. Жақында ҚРҚНРДА залалды есептеуді реттейтін қаулы шығарды. Бұдан былай сақтандыру компанияларының бәрі өздерінің веб-сайттарында амортизациялық тозуды есептеу әдістемесін және онлайн калькулятор көрсетуге міндетті. Енді кез келген көлік иесі амортизация сомасын өзі есептеп, оның дұрыстығына көз жеткізе алатын болады.

«Әдістеменің маңызды бір жері – жауапты тұлғалар туралы деректер. Кез келген бағалауды жауапты тұлға, яғни сақтандыру компаниясы немесе тәуелсіз бағалаушы жүргізуі керек, себебі қате бағаланған жағдайда оны қайта қарау мүмкіндігі болуы тиіс», — деді спикер.

Одан кейін сақтандырушы https://ffins.kz/ веб-сайтын мысал ретінде ала отырып, амортизация калькуляторын қалай пайдалану керектігін көрсетті. «Тозу калькуляторы» бөлімінде көлік құралының санатын, маркасын, шығарылған жылын, сондай-ақ километрмен көрсетілетін нақты жүрісін таңдау қажет.

Алайда бұл құралдың өзі автокөлік иелерін сақтандыру төлемін алу кезінде кездесетін барлық мәселелерден арылтпайды. Бірінші мәселе – дубликат немесе түпнұсқа қосалқы бөлшек пайдалану, екіншісі – қосалқы бөлшекті жөндеу немесе толығымен ауыстыру, үшіншісі – бұзылуды жөндеуге қажет болатын норма сағаттардың бағасы мен санын анықтау. Осы мәселелер шешілмесе, клиент сақтандыру төлемінің сомасына ешқашан қанағаттанбайды, өйткені ол жөндеудің нақты сомасымен сәйкес келмейді.

Маман бұл жағдайдың шешімін табуға сақтандыру тарифтерін көтеру көмектеседі дейді. Клиент сақтандыру компаниясына үлкен сыйлықақы төлесе, онда оның түпнұсқа қосалқы бөлшек алуға да, автокөлікті дәлелденген, сенімді жерде жөндеуге жеткілікті болатын төлем алуға да мүмкіндігі барынша артады. Сондықтан бүгінде сақтандыру саласында екі мәселе – сақтандыру тарифтерін көтеру және тарифтермен бірге сақтандыру лимиттерін арттыру қызу талқылануда.

Сондай-ақ ол бүгінде АИМС өнімінің зиян екенін, жалпы сақтандырушыларға деген көзқарастың теріс екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – бұл өнімнің зияндылығынан арылу. Амортизацияны алып тастап, төлем лимитін көтерсек, оған да жетуіміз әбден мүмкін, бірақ тарифтерді де көтеру керек. Реттеуші ұсынған механизм біртіндеп нәтиже береді деген үміт бар», — деп түйіндеді сарапшы.