Қазақстандағы бірінші OMODA C5 гаджетмобиліне 4% кэшбэк беріледі

OMODA C5 кроссоверінің алғашқы жеткізілімі Aster дилерлік желісінде 11 890 000 теңгеден басталды.

31 тамызға дейін OMODA C5 көлігін алғашқы сатып алушыларына арнайы «Кэшбэк 4%» бағдарламасы қарастырылған. C5-ті несиеге сатып алған жағдайда, сіз автокөлік құнының 4% мөлшерінде кэшбэк ала аласыз. Бұл сома сатып алғаннан кейін 15 күн ішінде клиенттің банктік шотына бір мәрте аударылады.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың Trade-in бағдарламасы бойынша жаңа OMODA C5 көлігін сатып алуға мүмкіндігі бар. OMODA ресми дистрибьюторы Aster ескі автокөлікті OMODA C5-ке айырбастау кезінде жаңа OMODA құнына 4% жеңілдік ұсынады. .

OMODA – Қазақстан нарығындағы ең көп күткен автомобиль брендтерінің бірі. C5 — озық автомобиль мен гаджеттің сипаттамаларын біріктіретін жаңа кроссовер. OMODA C5-тің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Aster компаниясы болып табылады.

Қазақстан нарығында автомобиль төрт деңгейінде ұсынылған және олар бірден Comfort-тен басталады.

Автомобильдердің бағасы

Comfort 1,5T

2 WD

Premium 1,5T

2WD

Comfort 1,6T

4WD

Premium 1,6T

4WD

11 890 000 T 13 290 000 T 13 790 000 T 15 190 000 T

Әрбір көліктің сипаттамасын omoda-auto.kz сайтынан табуға болады.

«Біз сатылымды бастап, автокөлікті несиеге сатып алу кезінде бастапқы құнының 4% кэшбэк алуды ұсынамыз. Бұл соманы ішінара өтеуге де, басқа қажеттіліктерге де пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта республика бойынша дилерлік орталықтарды қайта жабдықтау процесі жалғасуда. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл OMODA экожүйесінде автокөліктерді сатып алуға және оларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін инновациялық автокөлік орталықтары болады. Қазірдің өзінде біздің сату бөлімдері бүкіл ел бойынша сатып алушыларды күтуде, ал автокөліктер қоймада жиылған», — деді OMODA және Қазақстандағы JAECOO дистрибьюторының маркетинг жөніндегі директоры Ильяс Ибрагимов.

Қазақстандықтар үшін тегін тест-драйв қолжетімді. Оның барысында әрбір жан OMODA C5-пен танысып, гаджеттік автокөлікті басқарып, жаңа эмоцияларға бөлене алады. Сіз өз қалаңызда тест-драйвқа omoda-auto.kz сайтында жазыла аласыз. Сатылымның басталуы, «Кэшбэк 4%» акциялары туралы барлық мәліметтерді мына телефон арқылы алуға болады: +7 700 836 90 37.

Ал седан көліктерін ұнататындар үшін OMODA S5 осы күзде келеді деп күтілуде. Бұл модель сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша OMODA және JAECOO ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді болады.

OMODA & JAECOO дилерлік орталықтарының мекен-жайы:  

Ақтөбе қаласы
Сәнкібай батыр даңғылы, 16К

Алматы қаласы
Бесағаш ауылы, Райымбек батыр көшесі, 165, корпус 1
Сүйінбай даңғылы, 185Д, корпус 1

Астана қаласы
Астана-Қараганды тас жолы, 27, корпус 1
Тұран даңғылы, 53, корпус 1

Павлодар қаласы

Торговая көшесі, 1, корпус 1

Петропавловск қаласы
Маршал Жуков көшесі, 31

Тараз қаласы
Жамбыл қаласы, 6, корпус Б

Өскемен қаласы
Сәтпаев көшесі, 76, корпус 2

Шымкент қаласы
Байдібек би даңғылы, 3, корпус 2

Жыл соңына дейін еліміздің 13 қаласында 15 OMODA автоорталығы ашылады.

ASTER –кепілдіктері бар автокөліктердің бірінші автобазары, сонымен қатар OMODA, JAECOO, LADA, Renault, Nissan, Chevrolet, GAC, VW Қазақстандағы дилері.