Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ көрмесінде 5G ұсынылды

Kcell «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» 20-шы Солтүстік Каспий өңірлік көрмесінің аумағын деректерді тасымалдау жылдамдығы 1,5 Гбит/с дейін жететін 5G қамтамасыз етті.

2023 жылдың 5-7 сәуірі аралығында Атырау қаласында «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» 20-шы Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі өтіп жатыр. Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей және Түркия елдерінен 86 компания өз өндірісі мен ресми дистрибьюторлық өнімдерін ұсынады.

Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ көрмесінің қонақтары Kcell бесінші буын байланысының барлық артықшылықтарын толық сезіне алады. Көрме алаңында 5G жылдамдығын өлшемі 1,5 Гбит/с жетеді. Мобильді оператор көрмеде өз алаңын ұйымдастырып, «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Каспий құбыр консорциумы», «Qazaqgaz» және т.б. сияқты ірі компаниялармен бірге қатысты. Айта кету керек, бұл ұялы байланыс операторының қазақстандық салалық көрмеге алғашқы мәрте қатысуда. Бұл экономиканың ірі секторларында жеке 5G желілерін пайдаланудың әлемдік трендінің күшейгенін көрсетеді. Дүние жүзіндегі мұнай-газ, энергетика, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі қазіргі уақытта жалпы өнімділік пен операциялық тиімділікті арттыру үшін жеке 5G телекоммуникация желілерін орналастыруға көп қаражат бағыттайды.

Kcell қазірдің өзінде 5G желісін практикалық қолдану жағдайларын дайындау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Себебі технологияның өзі азаматтар үшін жылдам интернет қана емес, сонымен қатар экономиканың әр түрлі салаларындағы бизнестің цифрлық трансформациясының негізі болып табылады. Бүкіл шикізат секторының даму жылдамдығы ұялы байланыс операторларының осындай жобаларды жүзеге асыру қабілетіне өте тәуелді. Әрине, мұндай ауқымды жобалар оператордың бүкіл ұжымының үлкен тәжірибе мен жоғары кәсіби біліктілікті талап етеді. Kcell ТМД-да алғашқылардың бірі және Қазақстанда бірінші болып KAZ Minerals үшін толық ауқымды жеке LTE желісін енгізді.

Еске салсақ, 2022 жылдың соңында «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС консорциумы 5G үшін радиожиіліктерге арналған аукционды жеңіп алды. Биыл операторлар жалпы саны 782 базалық станцияны орнатуы керек.