Қазақстандағы таңбалау: түпнұсқа аяқ киімді жалған өнімнен қалай ажыратуға болады

Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалауенгізілгенмен сатып алушылар тауар сапасына сенімдіболуға және өз құқықтарын қорғауға арналған тиімдіқұралға ие болды. Таңбалау арқылы әрбір тұтынушы сатып алмас бұрын тауар туралы толық әрі шынайы ақпарат ала алады.

Цифрлық таңбалау – тауар айналымының заңдылығына кепіл. Бұл құрал аяқ киімнің түпнұсқалығын қолдан жасалған өнімнен ажыратуға көмектеседі, Tañba бірыңғай операторының жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев дейді.
«Аяқ киімнің түпнұсқалығы өнімнің сапа сертификаттарымен сәйкестік сертификаттарымен расталады. Бұл құжаттар Қазақстанға аяқ киім импорттау немесе Қазақстанда өндіру кезінде міндетті түрде ұсынылады. Аяқ киімді таңбалау процесіне тек заңды айналымға қатысушылар ғана тартылады. Тауарды және қадағалау жүйесіне енгізілетін мәліметтер электронды цифрлық қолтаңба арқылы расталады. Бұл сатылатын өнімнің ашық әрі заңды екенін көрсетеді», – деп түсіндірді Ерлан Қарабаев.

Таңбаланған аяқ киім қаптамасында уникалды Data Matrix коды болуы тиіс. Naqty Onim қосымшасы арқылы осы кодты сканерлеп, аяқ киімнің атауы мен сипаттамасын, өндірушімен импорттаушы туралы мәліметтерді және шығарған елді білуге болады. Бұл тауарды саналы түрде сатып алуға және оның заңды екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киімді міндетті таңбалау енгізілді. Бүгінде Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының жүйесінде осы топ бойынша 4,5 мыңнан астам айналым қатысушы тіркелген. Осы уақыт аралығында елімізде шамамен 137,5 миллион жұп аяқ киім таңбаланды.

Tañba Бірыңғай таңбалау операторының Баспасөз қызметі