Қазақстандық әнші Санат Асуат «Әзербайжан дауысы – 2025» шоуының финалында өнер көрсетеді

Әлемдегі ең танымал халықаралық музыкалық шоулардың бірінде сынға түсіп жатқан атыраулық 20 жастағы Санат Асуат алдыңғы түні осы байқаудың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті. Ол кеше кешкісін 65-ші халықаралық «Евровидение-2021» ән байқауында аз уақыттың ішінде миллиондаған қаралым жинаған танымал әзербайжандық әнші Самира Эфендидің репертуарындағы «Mata Hari» әнін тікелей эфирде орындады.

Айта кетейік, ақпан айынан бері «Әзербайжан дауысы – 2025» байқауының төртінші маусымына шығу құқығына ие болу үшін 6 елдің (Әзербайжан, Қазақстан, Грузия, Түркия, Ресей, Украина) вокалистері бақ сынауда. Ал Қазақстаннан келген жалғыз қатысушы Санат көрмей тыңдаудан бері көрермендер мен қазылар алқасының сүйіспеншілігіне бөленді. Ол қарапайым өнер көрсетудегі тәжірибесіне қарамастан, ересектер санаты бойынша әр кезеңде  репертуары мен жанрларын өзгертіп, өз мүмкіндіктерін сәтті көрсетті.

2025 жылдың 25 мамырында Санат жобаның басты шоуында өнер көрсетеді, алайда Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті үшін финалға шығу үлкен тосын сый болды.

«Шынымды айтсам, жартылай финалға дайындалу өте қиын болды.  Бір жағынан сессия тапсыру жүріп жатыр. Ал дайындыққа, материал әзірлеуге және образбен жұмыс істеуге уақыт өте аз қалды. Бұл ретте, әрине мен қатты уайымдадым және қатты толқулар болды. Оның бәрі өнер көрсетуіме әсер етті. Финалға өткенімді білгенде, әлбетте ерекше сезімге бөлендім. Бұл жоба маған өте маңызды және осы жолда жүруіме тілеулес болып, жылы лебіздерін жазып, ізгі тілектерін білдіріп жатты. Қолдау көрсеткендердің барлығына шексіз алғысымды білдіремін. Қазір ештеңе жоспарлап отырған жоқпын. Алда дайындыққа толы қиын күндер күтіп тұр. Мен қолдан келгеннің бәрін істеймін. Ал жеңімпазды көрермен таңдайды!», – деді Санат.

Тағы бір айта кетерлігі, біздің қызымыз дауыс беру кезінде қазақстандықтардың қолдауына ие бола алмайды. Өйткені бұл шоудың үздік қатысушысын тікелей эфирде таңдау тек әзербайжандық желі провайдерлерінің сим-карталары арқылы дауыс беруге негізделген. Десе де Санаттың жерлестері оның @sanat_asuat инстаграм желісіндегі жеке парақшасында пікір қалдырып, қолдау білдіре алады.

Сонымен қатар, соңғы шолулардан кейін небәрі 5 күн өткен соң Санат тағы да әлемнің түкпір-түкпірінен келген «Дауыс» шоуының рейтиінгісінен көрініп, «Аптаның үздігі» атанды. Атап айтқанда, бойжеткеннің 6 өнерінің 4-і танымал музыкалық франчиза продюсерлерінен ең жоғарғы рейтингке ие болды.

Есте салайық, Қоғамдық телеарнаның (ITV) эфирінде «Әзербайжан дауысы – 2025» («Səs Azərbaycan – 2025») шоуының төртінші маусымы басталған болатын. Санат Асуат үшін бұл ересектер санатындағы алғашқы музыкалық байқау. Қазақстандық әншінің тәлімгері – әзірбайжандық танымал орындаушы және «Eurovision-2011» ән байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов.