Қазақстандық әзірлеушілер өз қосымшаларын RuStore-ге жүктей алады
RuStore Android-қа арналған қосымшалардың ресми ресейлік дүкені тіркелуді ашып, жуырда Қазақстан мен басқа да елдердің әзірлеушілері үшін монетизация жасауды іске қосады. Дүкеннің негізін қалаған VK компаниясы біздің баспагерлерімізге жаңа аудиторияға қол жеткізіп, табыс таба отырып, әлемдегі ең ірі мобильді қосымшалар нарықтарының бірінде бизнесті дамыту мүмкіндігін ұсынады.
Қазақстандық әзірлеушілер dev.rustore.ru. консоліне өздерінің қосымшалары мен ойындарын жүктей алады. Монетизациялау үшін бірнеше танымал әзірлемеу платформаларына арналған интеграциялану мысалдары бар және егжей-тегжейлі құжаттамасымен жүретін SDK RuStore төлемін пайдалану ұсынылады. Консольға қол жеткізу үшін аккаунтты VK ID-ға тіркеп, тіркелу формасын толтыру қажет. Тексеруден өткеннен кейін әзірлеуші өз өнімдерін жүктей алады. Қосымша модерациясының орташа жылдамдығы – 15 минут.
RuStore операциялық директоры Илья Сверчков: «Біз платформаны ұдайы жетілдіріп келеміз және шетелдік нарықтарға шығуды маңызды деп есептейміз. Ендігі жерде RuStore Қазақстанмен де серіктестігін кеңітіп отыр. Ресей ұялы қосымшаларды жүктеу саны жағынан топ-6, яғни үздік алтылыққа кіреді, ал RuStore-нің ай сайынғы аудиториясы он миллион адамнан асып жығылады. Бұл қазақстандық компаниялар үшін өздерінің әлеуетті қолданушыларының санын арттырудың тамаша мүмкіндігі»
Төлем құралдарын «Монетизация» бөлімінде қосуға болады – бұл ақылы қолданбаларды жүктеп алуға және өнімдер ішінде сатып алулар мен жазылымдарды қосуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілер сонымен қатар басқа да RuStore технологияларына: қол жеткізе алады: пайдаланушылармен байланыста болу және жаңалықтар туралы хабарлауға мүмкіндік беретін пуш -хабарландыру қызметі, қолданба ішіндегі жаңартулар мен рейтингтер туралы хабарландырулар, сондай-ақ карта жасау қызметтері.
Қазақстандық компаниялар аудитория тарту үшін дүкен ішінде өз өнімдерін жарнамалай алады – RuStore редакциясы қосымшаны тақырыптық жинақтарға қосып, пайдаланушылар үшін арнайы ұсыныстарды жариялай алады. Жақын арада одан да көп жарнамалық құралдар, соның қатар дүкенде ішіндегі жарнамалар пайда болады.
Дүкен нұсқасы теледидар мен планшеттерде де қолжетімді. 2023 жылдың көлемінде консольде сараптамалар мен тестілеу құралдары кеңейтіледі.
Бүгінгі таңда RuStore – бір айдағы аудиториясы 10 миллион адамнан асатын ең сұранысқа ие ресейлік қосымшалар дүкені.
Қазірдің өзінде 6 мың әзірлеушінің 8 мыңнан астам қосымшалары пайдаланушыларға қолжетімді, оның 2 200-і мобильді ойындар. Қазір дүкенде 500-ден астам шетелдік қосымша бар, оның ішінде сингапурлық әзірлеушінің танымал Likee әлеуметтік желісі, оңтүстіккореялық PUBG онлайн ойыны мен әйгілі қытайлық 37 Games баспасының мобильді ойындары.