Қазақстандық холдинг БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы атанды
Агроөнеркәсіп саласындағы ең ірі AITAS қазақстандық холдингі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартының ресми және толыққанды қатысушысы атанды. Корпоратив тұрақтылық саласындағы әлемдегі ең ірі бастамаға қолдау білдірген холдинг өз жұмысын орнықты даму және тиімділік, еңбек қатынастары және адам құқықтары саласындағы әлемдік мәселелерді шешуін жалғастыратын болады.
Әлемнің және елдің тұрақты дамуындағы бизнестің рөлі
23 жыл ішінде БҰҰ-ның жаһандық шарты жұмыс стратегиясы мен қызметіне тұрақтылық негіз еткен үлкенді-кішілі алуан түрлі бағыттағы мыңдаған ұйымды біріктіре алды.
AITAS холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев Қазақстанның тұрақты дамуына қол жеткізу үшін бизнестің, билік пен қоғамның өзара үйлескен іс-әрекеті талап етілетініне сенімді. Оның пікірінше, бизнес-қауымдастық елдің тұрақты дамуы туралы ойланып, сол арқылы жеке жауапкершілікті қабылдау керек.
«Біздің холдингтің мақсаты – Қазақстан халқына қызмет ету, миссиясы – елдің тұрақты дамуы. Бұл қазіргі бизнеске басқаша қарауға мүмкіндік береді. 4 жыл ішінде холдинг қызметінде бизнес бағытымен қатар әрекет ететін жеке әлеуметтік бағыт пайда болды. Aitas Foundation корпоративтік қоры ауылдық аумақтарды, мектептегі білім беруді, медицина мен мәдениетті тұрақты дамытуға бағытталған көптеген жобаны іске қосты. Біздің БҰҰ-ның жаһандық шартына қосылуымыз, әрине, компанияның ұзақ мерзімді орнықты даму мақсаттарына бейілділігін көрсетеді», — деді Серік Толықпаев.
Өз кезегінде, БҰҰ Жаһандық келісімі – бизнеске өз стратегиялары мен операцияларын адам құқықтарына, еңбекке, қоршаған ортаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты 10 әмбебап қағидатқа және 17 тұрақты даму мақсатына (ТДМ) сәйкес келтіруге және әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға шақыру екенін атап өтті.
«AITAS қызметінің нәтижесі және ауылдық жерлерде орта білім беруді дамыту жөніндегі жобалардың тұрақтылығы оң әсер қалдырды. Осының бәрін тұрақты тәжірибелер жинағына енгізе аламыз деп ойлаймыз», – деп атап өтті БҰҰ Жаһандық шарты аясында Қазақстан бойынша басқарушы Динара Сейджапарова.
Aitas Foundation корпоративтік қорының жобалар портфеліне Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры, Білім беруді тұрақты дамыту қоры, Аймақтық зерттеулер орталығы және басқа да жобалар кіреді.
«2019 жылы біз Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорын құрдық және соның арқасында ауылдардағы өмір сапасы артып келе жатқан жобаларды іске асырып жатырмыз. 4 жыл бойы 3 ауылдық аймақта жұмыс істеп, қазақстандық ауылдардың білім беру, денсаулық сақтау, туризм, абаттандыру және өңірлік даму мәселелері мен мүмкіндіктерін зерттеп келеміз. Сонымен қатар, Білім беруді тұрақты дамыту қоры атынан орта білім беруді дамыту жөніндегі бастамамыздың ауқымы бүкіл ел аумағына жетіп, жаңа серіктестер мен қаржыландыруды тартып жатыр. Болашақта тек ауылдармен ғана емес, түрлі қалалармен де жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Aitas Foundation басшысы Ксения Верба.
БҰҰ Жаһандық шартының принциптері: уәдеден іске көшу
БҰҰ ақпаратына сәйкес, жаһандық шарттың 10 қағидасы Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі конвенциялары мен декларацияларына негізделген. Бұл бастамаға қосылу үшін компанияның бірінші тұлғасы Шартқа қосыла отырып, Бас хатшыға компанияның Ұйымның мықты ұзақ мерзімді серіктесі болу қабілетін растай отырып, аталған қағидаттар негізінде БҰҰ-ның даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жауапты, қағидатты және тұтас көзқарасты ұстанатынына уәде береді.
Бүгінде 160-тан астам мемлекеттің 9500-ден астам компаниясы және 3000 коммерциялық емес ұйымы БҰҰ бастамасының қағидаттарын ұстанады. Қағидаттардың көп бөлігі Адам құқықтары мен Еңбек қатынастарына арналған. БҰҰ Жаһандық шартына қатысушы компаниялар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауға және құрметтеуге, адам құқықтарын бұзбауға, бірігу бостандығын қолдауға және ұжымдық шарттар жасасу құқығын тануға міндеттенеді. БҰҰ бастамасының қағидаттарына сәйкес жауапты кәсіпорындар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюды, балалар еңбегін толық жоюды және еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауға міндеттенеді.
БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына сәйкес бастамаға қосылған компаниялар мен ұйымдар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдау, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдау және экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына ықпал ету сияқты қағидаттарды іске асыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға назар аударуы тиіс.
БҰҰ бастамасының соңғы қағидасы сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұру делінген.
Осылайша, Жаһандық келісім бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымымен іскерлік ынтымақтастықты нығайтуда шешуші рөл атқарады. Тұрақты компаниялардың жаһандық қозғалысының бөлігі ретінде, AITAS холдингі жақсы әлем құру үшін жалпы жауапкершілікті өз мойнына алатынын атап өтті.