Қазақстандық JET қолданушылары Жер бетін 158 рет айналып өтті

Микромобильділіктегі Қазақстан көшбасшысы JET 2025 жылғы қызметті пайдалану бойынша негізгі статистиканы жариялады. Мәліметтер кикшерингтің енді тек ойын-сауық емес, толыққанды қалалық көлік ретінде орныққанын көрсетеді.
Негізгі көрсеткіштер:
- Жалпы жүрілген қашықтық: 6 334 956 шақырым. Бұл — Жер экваторы бойымен 158 рет саяхаттауға немесе Айға барып-қайтуға 8 сапарға тең.
- Жалпы уақыт: 1 661 668 сағат. Бұл үздіксіз қозғалыстың шамамен 190 жыл. Мұндай көрсеткіш қала тұрғындарының кептелісте уақыт жоғалтпай, микромобильділікті таңдағанын айқын дәлелдейді.
Қолдану парадигмасы өзгеріп келе жатыр. JET деректері электросамокаттардың Қазақстанда тек демалыс құралы емес, күнделікті утилитарлық көлікке айналғанын көрсетеді. Яғни,
- Орташа сапар ұзақтығы — 21 минут. Бұл метро мен кеңсе арасындағы немесе үй мен университет арасындағы «соңғы миляға» дәл келеді.
- Бір самокат маусым ішінде орта есеппен 17 адамды (17,22) тасымалдаған. Бұл шеринг моделінің тиімділігін дәлелдейді: бір құрылғы ондаған тұрғынның қажеттілігін өтейді, жеке көлікке деген сұранысты азайтады.
«Бұл цифрлар кез келген сөзден әсерлі. Пайдаланушылар 6 миллионнан астам шақырымды жүріп өткенде, біз бұл жолдардың көліктерде емес, самокаттарда еңсерілгенін түсінеміз. Бұл — таза ауа, жеңілдеген жолдар және көміртек ізі жоқ қозғалыс. Орташа 21 минуттық сапар біздің гипотезаны растайды: самокат — іс үшін көлік. Қолданушылар оны күнделікті маршрутына енгізіп, кептелістен қашып, қоғамдық көлікті күтуге немесе жеке көлікпен баяу жүруге кететін уақытты үнемдейді», — деді JET компаниясының CEO-сы Мусалав Алибеков.
Жақын арада JET мобильді қосымшасында әр қолданушыға маусымдық жеке нәтижелер қолжетімді болады. Оларды әлеуметтік желілерде бөлісуге мүмкіндік беріледі.


