Қазақстандық пара спортшылар әлемдік серияда жүлдегер атанды

Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен өткен ITTF World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясында қазақ пара спортшылары 3 қола медаль еншіледі.

Аралас жұптық сайыста Александра Степанова мен Ерлан Казиев, сондай-ақ Алтынай Ержанқызы мен Талғат Эрекеев қола жүлдегер атанды. Бұған қоса, әйелдер арасындағы жұптық санатында Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова үздік үштікке енді.

Айта кетсек, World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясы 29-шы сәуір мен 3-ші мамыр аралығында өтті. Жарысқа 28 мемлекеттен 140-тан астам спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі