Қазақстандықтар блицтен 3 алтын алды

Алматыда шахматтан жасөспірімдер арасындағы 26-шы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстанның үш жас шахматшысы – Ақнұр Мамақова, Сәтбек Ахмединов және Алуа Нұрман блицтен алтын медаль жеңіп алды.

Классикалық «90+30» уақыт бақылауымен салыстырғанда «3+2» блиці маңызды емес шахматтың бір түріне ұқсайды. Блицті «шахмат фаст-фуды» деп атайтыны да бар. Шынында да, блицте шахмат табағынан дәм татуға уақыт жоқ; мұнда қарсыластың пешкалары мен фигураларын жылдамдықпен «жеу» керек.

Шахматшылардың кейбіреулері үшін блиц — өздерінің жоғары дәрежесін растаудың тағы бір мүмкіндігі, ал басқалары үшін жылдам және классикалық сәтсіздіктер үшін өзін қалпына келтіру. G12 санатында қазақстандық Ақнұр Мамақова осыны тамаша стильде көрсетті. Ол рапидте 14-орынға, ал классика бойынша 4-орынға ие болып, қосымша көрсеткіштерде қоладан айырылды. Бірақ блицте басынан бастап сегіз турда жеңіп – мәреге бір раунд қалғанда  өзіне алтын салды!

Бірінші раундта сәтсіз болғанымен, Алматыдағы кептеліске байланысты бірінші ойынға кешігіп қелгеніне қарамастан Алуа Нұрманға алтын медаль бұйырды. Қалған сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жеткен рейтинг фавориті рапидте қола жүлдеге блиц бойынша алтын қосты.

18 жасқа дейінгі категорияда Сәтбек Ахмединов (2130) барлық фавориттерді – Александр Хрипаченконы (2404), Аманмұхаммет Хоммадовты (2312), Алдияр Ансатты (2403) және Эльдияр Орозбаевты (2339) ұтып, соңғы турда үндістандық халықаралық шебер Харш Сурешпен тең ойнады!

Осы турнирге дейін уақытша бақылаулардың ешқайсысында рейтингі болмағанымен, Арена шеберіне үміткер атағын алған 10 жасар моңғол Ананд Цогтбилэгті айтпай кету мүмкін емес. Мұнда ол классикадан қола жүлдегер атанса, блицтен чемпион атанды.

Блиц лауреаты болып 10 елдің жас шахматшылары атанды. Ең көп алтын алған — Қазақстан құрамасы. Сондай-ақ жас шахматшыларымыздың қоржынында блицтен 2 күміс, 2 қола медаль бар. Басқа елдерде келесідей медаль көрсеткіштері бар: ФИДЕ туы астында Ресей – 2–1–6, Вьетнам – 1–2–2, Үндістан – 1–2–1, Қытай – 1–2–0, Иран – 1–1– 0, Қырғызстан – 1-0-0, Моңғолия – 1-0-0, Филиппин – 1-0-0 және Өзбекстан – 0-2-1.