Қазақстандықтар eGov және eGov Mobile арқылы 20 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды

eGov.kz  порталы қазірдің өзінде барлық мемлекеттік қызметтер мен сервистердің 90%-дан астамын автоматтандырды. Смартфондардан қызмет алуға деген жоғары сұранысты ескере отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударылады. EGov порталы мен eGov mobile қосымшасының тіркелген пайдаланушыларының саны 14 миллионнан астам азаматты құрайды, олардың 1,2 миллионнан астамы осы жылдың басынан бастап тіркелген.

eGov.kz порталын және eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимінде өтінімдер беру мүмкіндігі бар, бұл мемлекетпен өзара әрекеттесу процесін едәуір жеңілдетеді. Қазіргі уақытта портал азаматтарға 450 миллионнан астам қызмет көрсетті, ал қолданба 66 миллион қызмет көрсетті.

eGov.kz порталы цифрлық мемлекеттік қызметтер портфелін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс істеуде. Осы жылдың басынан бастап порталда емханаға тіркелу және білім туралы құжаттарды (жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі) тану сияқты қызметтерге өзгерістер енгізілді.

Бірінші жартыжылдықтағы eGov.kz порталындағы ең танымал 3 қызмет :

— соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама – 1 390 060;

— жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру – 1 561 886;

— алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу – 1 420 105.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары қызметтер мен сервистерді eGov Mobile қолданбасына белсенді түрде көшіруде.

Бірінші жартыжылдықтағы eGov Mobile қосымшасының ең танымал 3 қызметі:

— шетелге шығуға шектелген Борышкерлер тізілімі және Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың бар-жоғын тексеру – 361 374;

— Ф-2 анықтамасы (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тиым салу) жоқтығы туралы – 225 276;

— соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама – 1 157 663.

Бүгінгі таңда eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі қазірдің өзінде 33 құжатты қамтиды және іске қосылған сәттен бастап оны 12 млн. астам рет пайдаланды.

Айта кетерлік жайт, қолданушылар ыңғайлығы үшін ең танымал мемлекеттік қызметтер мен сервистер екінші деңгейдегі бірнеше банктердің мобильді қосымшаларына енгізілген. Сонымен қатар, eGov.kz порталындағы және eGov Mobile мобильді қосымшасындағы барлық модификациялар мемлекеттік органдармен тығыз өзара ынтымақтастық негізінде енгізіледі.