Қазақстандықтар қандай темекі шегіп жүр?!

«Денсаулыққа қауіпті» деген ескертуге қарамастан, Қазақстан халқы зиянды әдетке әуес. Оған жыл сайын өзгеріп тұрған көрсеткіштер дәлел. Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқына темекі тұтыну бойынша сауалнама жүргізіп, 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы темекі шегетін респонденттердің үлесі 29-38 жас аралығындағы топтарда артып, басқа жас топтарында төмендегенін анықтады.

Шылым шегу әркімнің жеке басының ісі болғанымен, қандай темекі өнімдерін сатып алатыны бірқатар мәселенің бетін ашып отыр.

Мемлекетке кедергі келтіретін елге алыс-жақын шетелден контрабандалық жолмен жеткізілетін темекі өнімдері бар. Олардың бағасы екі есе арзан, сатылымында заңды рұқсаты мен шектеуі жоқ, есесіне бұл сауда көлеңкелі экономикаға жол береді. Салдарынан жыл сайын мемлекет қазынасы ондаған миллиард теңге кірістен қағылады. Сәйкесінше, бизнес өкілдерінің қызметіне кедергі келтіріледі.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бизнесті тексеруге тыйым салатын мораторийдің күші жойылды. Төрт жылға созылған мораторий кезінде отандық кәсіпкерлер бірталай жетістіктерге жетіп, өз ісін дамытты. Есесіне, заңсыз тауарларды сататын саудагерлер де өз кәсібін жандандырды. «Әй дейтін әже» болмаған олар да пайдаға кенелді. Әсіресе, күмәнді темекі өнімдерін сатушылар бір жасап қалды.

Үкіметі бекіткен «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» аясындағы темекі контрабандасына қатысты қадамдар биыл да жалғасады.

Мораторий күшіні жойылуы барысында, заңсыз темекі саудасының тоқталуына жол ашуы мүмкін. Барлық шарттарды сақтай отырып, заң талаптарының тиімділігі артып, бизнес өкілдері, тұтынушылар мен мемлекет еш зардап шекпейді.  Әр түрлі салыстырулар бойынша білгілерге бой беру кездеседі. Болмаса, тәуелсіз Nielsen IQ агенттігінің болжамды ақпаратына сәйкес, мемлекет қазынасына 43 миллиард теңге салық түспейді.

Заң талаптарына бағынбайтын жандар ұсынған темекі өнімінің бағасы арзан болғанымен, оның сапасы күмән келтіреді. Бұл тауар ешқандай тексерістен өтпейді, құрамында адам ағзасына қауіпті шикізат болуы мүмкін. Сол себептен, зиянды әдетке жақын жандар қандай өнімді алу керектігіне назар аударғаны жөн.

Біріншіден, күмәнді жолмен елге келетін өнімдерде заң талаптарына сәйкес қазақ тілінде ақпарат пен мемлекетпен бекітілген қауіп жайлы ескерту фотосуреттер жоқ.

Екіншіден, бұл өнімдер тауар сөрелерінде болмайды. Бірақ, олар саудагер кез келген уақытта қол жүгірте алатындай жақын жерде тұрады. Табыс табу мақсатында сатып алушыларға өздері ұсыныс жасауы мүмкін.

Үшіншіден, қазақстандық таңбалау коды көрсетілмейді, сонымен қатар, Data-Matrix коды болмайды не ол жарамсыз болып келеді.

Төртіншіден, тауарда акциз талаптары сақталмайды.

Бесіншіден, қазақстандық нарықта кездеспейтін дәмдеуіш қосылған темекі өнімдерін ұсынады. Тұтынушылардың денсаулығына қауіп төнсе, себеп-салдарына ешкім жауап бермейді.

Елімізде күмәнді тауарлардың сатылымын тоқтату мақсатында Naqty Onim тегін мобильді қосымшасы әзірленген.

Тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша қазақстандық бірыңғай оператордың жоба жетекшісі Лейла Мұстафина:

«Бұл қосымшада кодты сканерлеу арқылы кез-келген тұтынушы мен саудагер керекті ақпаратын ала алады. Күмәнді өнім болған кезде онлайн форматта шағым да түсіруге болады. Шағым бойынша жергілікті құзырлы органдар тексеріп, құрықтау, тәркілеу жұмыстарын жүргізеді»

Сарапшының айтуы бойынша, таңбалау коды әр тауарда көрсетілуі шарт және оның болуына бизнес өкілдері арнайы жарна төлейді.

Алайда, Naqty Onim тегін мобильді қосымшасы заңсыз тауар ағымын кідірту мүмкіндігі жоқ. Себебі, қосымша арқылы шағым беру кезінде бұзушылық фактісін растайтын  құжаттарды, фото, бейнежазбаларды қоса беру және шағымға міндетті түрде жеке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою ұсынылады. Осылайша, мемлекеттік орган шағымды анонимді түрде қарай алмайды, ал шағымның авторы туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға тарап кетуі мүмкін. Сондықтан, өтініш анонимді шағымдарды қабылдамайынша, бұзушылықтар жалғаса береді.

«Арзанның құны татымас» деген ата сөзді ұмытпай, сапалы өнімді тұтынып, заң талаптарын сақтаған абзал. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий аяқталып, сөрелер контрабандалық темекіге толы. Ал мемлекеттік органдардың заңсыз темекі сатушыларды тексеретін кез келді.

Ескерту! Темекі шегу денсаулығыңызға қауіпті!