Қазақстандықтар ұялы байланыс операторларының қызметіне қаншалықты қанағаттанады

2023 жылғы қаңтар-ақпан аралығында жүргізілген онлайн-сауалнамаға сәйкес ұялы байланыс операторларының рейтингісінде үздік үштік қатарына Beeline (респонденттердің жалпы санынан 37%), Tele2 (28%) және Kcell/Active (22%) енді.

Сауалнама Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тұратын ұялы операторлардың қызметтерін пайдаланушылар арасында qalaisyn.kz әлеуметтік зерттеулер платформасында жүргізілді. Сауалнамаға 18 бен 60 жас аралығындағы 1750 адам қатысты.

Сауалнамаға қатысқандар арасында ең танымал оператор — Beeline. Үштен бірі дерлік оның қызметтерін пайдаланады. Бір қызығы, ең жас аудитория (18-29 жас) Алматыда танымал Tele2 операторында екен. Астана қаласында Kcell/Activ операторының қызметтері көбінесе қолданылады.

Абоненттердің басым бөлігі (71%) ұялы байланыс операторын ауыстырғысы келмейді. Алайда, белгілі бір мәселелер бойынша қанағаттанбау операторды ауыстыру үшін шешуші фактор болып табылатын адамдардың үлесі де бар. Респонденттердің жартысынан көбі (52,2%) баяу Интернетке қанағаттанбайды, 47,9% үшін қызметтердің қымбат бағасы шешуші фактор болып табылады және респонденттердің 39,6% байланыс сапасының нашарлығын атап өтті.

Басқа операторға ауысуға дайындықты негізінен 18 бен 29 жас аралығындағы операторды ауыстыру тәжірибесі бар абоненттер мен ер адамдар білдірді (операторды ауыстырған респонденттер санының 75%).

Осылайша, респонденттердің 32% ауыстырылатын жаңа оператор ретінде Beeline, 22% — IZI, 17% — Tele2 және 16% — Kcell/Activ қарастырады.

Респонденттер қызметтердің орташа бағасы айына 5 мың теңге жететін ең «қымбат» байланыс  Beeline операторында деп, ал орташа бағасы 2,7 мың теңгеге жететін ең «қолжетімді» байланыс IZI операторында деп есептейді.

IZI абоненттері ұялы байланыс операторларының қызметтерінің барлық дерлік параметрлеріне қанағаттанады. Kcell/Activ пайдаланушылары тарифтік жоспарына және қосымша опциялардың көптігіне қанағаттанбайды. Altel абоненттері байланыс сапасына аз қанағаттанады.

Көбінесе байланыс үшін ай сайынғы төлем 3 мың теңгеден аспайтын абоненттер қанағаттанушылық білдіреді, ал байланыс шығындары 3-5 мың теңгеге дейінгі абоненттердің қанағаттанушылығы төмендеу болады.

«Ұялы байланыс операторларының қызметтеріне қанағаттанушылығы туралы сауалнаманың нәтижелері қабылданатын бизнес-шешімдерге сапалы көмекші ақпарат бола алады. Алынған мәліметтер арқасында операторлар абоненттер үшін қосымша қызметтерге назар аудара алады және әрі қарай дамыту үшін пайдаланушылардан ұсыныстар ала алады», — деп түсіндірді qalaisyn.kz платформасының жетекшісі Малика Атамбаева.

Data Reportal деректеріне сәйкес, 2023 жылдың басында Қазақстанда 25,44 млн ұялы байланыс белсенді болды, бұл халықтың жалпы санының 130,5% сәйкес келеді.